Ұлттық нақыштағы киімдер желісі

Сіздің жаныңызға не жылу сыйлайды? Біреуі тігін тіккеннен рахат табады, екіншілері әшекей бұйым жасағанды ұнатады. Не болмаса кейбірі үйде тапсырысқа перде тігеді.

Ал, бүгінгі менің кейіпкерім Гүлзира ханым отбасымен қатар, дизайнерлік кәсіпті қолға алып жүрген жанның бірі.

Гүлзира ханым инстаграмм әлемінде @gulzirakazi аккаунтымен танымал.

Еліміздегі бірнеше маңызды шараларда костюм дайындаған шебер:) Gulzira Kazi collection брендінің негізін салушы.

Екі баланың тәрбиесімен қоса, отбасының жағдайын жасай жүріп, бір кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкермен сұқбаттасудың реті келген болатын.

Гүлзира ханым бүгінде арнайы тапсырыспен көптеген эстрада жұлдыздарының киімін тігумен айналысуда. Сонымен қатар, еліміздегі бірнеше маңызды шараларда аталған дизайнердің қолынан шыққан экслюзивті туындылар көпшіліктің  көңілінен шыққан болатын. 

Сондай-ақ, қарапайым халық үшін де түрлі дизайнда, қазақы нақышпен тіккен әрбір жұмысы ерекше. Орамалардарының өзі бір әлем деуге болады :)

 

Жай ғана осы брендтің тұтынушы ретінде  Гүлзира ханымның қолынан шыққан туындыларының сапасы жоғары деп толықтай айта аламын.

Автордың қай жұмысын алып қарасаңыз да, ерекшелігімен бірден көзге түседі.

Жасалуынан бір мән таппайсыз. Дизайны жағынан танымал брендтермен бәсекелеске түсуге қауқарлы.

Бір сөзбен айтқанда, Гүлзира ханым ұлттық қолөнерді жаңа заман трендіне айналдыра білген бірегей кәсіпкер. Өйткені, ол кісінің өнімдері елімізде үлкен сұранысқа ие. әңгіме барасында, кейіпкерім бастапқыда  өз дүниесін өзгеге сату үшін емес, өзі үшін жасағанын, кейіннен ол кәсіпке айналғанын айтып өтті.

P.S. Біле білгенге, қолөнер саласы – табысты еселей түсетін сала. Осыны ескергендіктен көптеген ел қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр.

Әсіресе, өзіндік қолөнерінен ажырап, ұмыт қалдырған Германия, Норвегия, Израил сынды елдер бүгінде қазақтың төл туын­дыларына қызығушылық танытуда. Сондықтан, біздің қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек деп ойлаймын.

Қолөнер  – сырлы өнер. Нағыз шеберлер үй тұрмысындағы қызығушылықтан туады. Хобби кәсіпке айналуы бек мүмкін. 

Сөз соңында, айтарым, еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Жұмысыңызға шалқар шабыт пен қажымас қайрат тілеймін!)

Құрметті оқырман, егер сіз біздің кейіпкеріміздің жұмысына қызығушылық танытсаңыз, инстаграмм желісінен @Gulzirakazi нигін тауып алып, парақшасына жазылыңыз. Сол парақша арқылы шебердің  кез келген жұмысына тапсырыс беруіңізге  мүмкіндік бар. Ендеше, сәттілік!



Бөлісу: