Ұлттық кітапхана
блог
Бүгін Ұлттық кітапханаға бардым. Ұят болса да айтайын, алғашқы рет табалдырығын аттауым. Арнайы экскурсия арқасында өте көп нәрсені білдім. Мысалы:
- кітапханада Телелифт жүйесі жұмыс істейді екен. ТМД елдерінде Белоруссияның ұлттық кітапханасы мен тек бізде бар бұл жүйе кітапханашылар мен оқырмандардың жұмысын жеңілдетіпті.
- Ағылшын, испан және үнді тілдерінің курстары тегін болып жатыр.
- Арнайы тілдер бөлімінде Халықаралық тіл емтихандарына дайындалып, жалпы өзге шет тілін оқуға болады.
- ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ: КІТАПХАНАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАЛ БАР ЕКЕН. ЗАЛДА БРАЙЛЬ ӘЛІППЕСІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН КІТАПТАР, АУДИО КІТАПТАР, ОҒАН ҚОСА ТЕКСТТІК "ПРЕОБРАЗОВАТЕЛЬ" (ЯҒНИ, ТЕКСТТІ ДЫБЫСҚА АЙНАЛДЫРАТЫН ҚҰРАЛ), ЭЛЕКТРОНДЫ ЛУПА, БРАЙЛЬ МӘТІНІ ҚЫП БАСЫП ШЫҒАРАТЫН ПРИНТЕР ЖӘНЕ ВИРГО ПРОГРАММАСЫМЕН ЖАСАҚТАЛҒАН КОМПЬЮТЕР БАР ЕКЕН!!!!
Кітапхананың осы ерекшеліктері қатты ұнады. Кезек суреттерде:
Мынау, бағана айтып кеткен Телелифт жүйесі. Кітапхананың барлық жиырма шақты залы осымен қамтылған. Электронды каталогтан тапсырыс жасап, күтесіз. Біраздан соң кітап қорынан анау сұр қораптың ішінде сіз тапсырыс берген кітап келеді. Тамаша құрылғы!!!!
Корея бөлімшесі))) Кәріс тіліндегі кітаптар, журналдар, сөздіктер мен өзге де материалдар бар екен. Арнайы кәріс тілінің фанаттары үшін)))) Сондай ақ осы бөлімде, ағылшын, түрік тілдерінде және пакистан елшілігі ұсынған кітаптар бар екен.
Ағай Брайль әліппесінде жазылған кітапты көрсетті. Ондай кітаптар баршылық екен. (Бәрі орысша).
Мынау арнайы құрылғы: құлағы әлсін еститіндер мен сөйлеу кемшілігі бар адамдарға арналған. Құлаққап пен микрофоны бар бұр құрылғы, өз даусын таспаға жазған адам оны тыңдап, қайта ойнатып, дыбысы мен жылдамдығын өз ыңғайына ретке келтіре алады.
Ал мынау, қызыл түсті тұтқасы бар құрылғы - электронды үлкейткіш әйнек. Осы лампаны жазуы бар параққа тосып қойса, экранда сол жазба үлкейтіп көрсетеді екен. Негізі барлық мүмкіндіктер жасалыпты. Осы жағы қатты қуантты.
Кітапханаға жазылу тегін: жеке куәлік + домовая книга (астанада тіркелгеніңіз туралы анықтама немесе).