Баршамыз білетіндей өткен ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің оңтүстік бөлігі Түркістан Советтік Социалистік республикасының құрамында болды. Сол тарих қойнауындағы толассыз жылдардың теңдессіз мұрасы- Ташкентте түлеген қазақ басылымдары. Соның ішінде, көзі қарақты көрерменді санымен ғана емес сапасымен де баурап алған «Ақ жол» газеті болатын.
«Ақ жол» газеті мың тоғыз жүз жиырмасыншы жылдың он сегізінші сәуірінен жиырма жетінші шілдеге дейін шығып тұрған «Жаңа өріс» газетінің ресми жалғасы. Газетке С.Қожанов басшылық етті.
Басылым сол кездің өзінде озық ойлы оқырманын сыртқы және ішкі хабарлар, сауатсыздықты жоғалту жайынан, әйел теңдігі, ресми бөлім сонымен бірге бұйрық- жарлықтар, партия тіршілігі мен талаптары, жарнама, шаруашылық жайынан сынды бөлімдерімен қызықтыра білді.
Жалпы, газеттің абыройлы атағын дәлелдейтін деректерді көптеп кездестіреміз. Соның бірі заманының заңғары Бейімбет Майлиннің «Осы декабрь жұлдызының жетісі күні Ташкентте шығатын Түркістан үкіметінің тілі «Ақ жол жарыққа шыққанына үш жыл толды. Сол күннің құрметіне «Ақ жол» Қазақстанда көп таралған газет екенін айта отырып. Ол Түркістан үкіметінің қолдаған шараларын қазақ халқына жеткізіп тұрды» деген бір ауыз сөзі.
Жаңа айтып кеткенімдей басылымда әртүлі жанрдағы мақалалар жарық көріп отырды. Проблемалық мәселелер жиі көтеріліп, батыл мысалдар келтірілді. Енді сол мақалаларына аз- аздан тоқталып кетсем. Жиырма бірінші жылдың жиырма тоғызыншы нөмірінде «Кедейлер төңкерісі» атты мақала жарияланғанды. Мақалада патша үкіметінің Орталық Азия халықтарына жасаған үстемшілдігін, оған кедей шаруалардың қалай қарсы тұрғаны айтылады. Оған қоса байлардың кедейлерге көрсеткен зорлық- зомбылығы, қанауы, қинауы секілді ауыр сахналар суреттеледі. Сондай-ақ, газетте аталған мәселе бойынша дәл осы санында Түркістанда өтетін кедейлер конференциясы жайы сөз болды.
Сонымен қатар, басылымда кеңінен күн тәртібіне қойыла талданған тақырыбы «әйел теңдігі» мәселесі. Аталған мәселе бойынша Жұмабек Қыстаубаев «Қалың мал ұрлығы» деген мақаласы жазылды. Автор мақаласында Шымкент уезіне қарасты Қошқар ата болысындағы Бөртебайұлы он жеті жасар қызды он бес ірі қара малға сатып алғаны айтылады. Таңқы атты қыздың әсесі қызын әйел үстіне беріпті.
Осы сынды қоғамда орын алып жатырған мәселелерді басылым бұмалаусыз бүкпесіз өз оқырмандарына жеткізіп отырған. Сол үшінде ұлттық идеяның ұйытқысы «Ақ жол» газеті болды
Назерке Альбертқызы
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
студенті