Ұлттық дәстүрді жаңғырту!
блог
Ұлттық дәстүрді дәріптеуші.
Қазақ халқы әрқашан салт-дәстүрін құрметтеген. Әр ғасыр сайын дәстүрін жаңғыртып жүретін халықпыз ғой. Дәл сондай ұлттық құндылықты аса бағалап жүрген жандар саны артуда.Біздің парызымыз ата-баба дәстүрімізді ары қарай дамыту болып табылады. Осы бағытты ұстанып әрі дәріптеп жүрген Үржар ауданының тұрғыны –Жакипов Дәулет Кәрімұлы . Бүгінгі таңда әр түрлі ою- өрнектермен сандық, қамшы, темірге ою- өрнектеп , мүсіндер жасаумен айналысады. Әрі осы бағытта өлеңдер жазады. Ж.Д.Кәрімұлынан алған сұхбатқа тоқтала өтсем:
-Кеш жарық, Дәулет аға! Өзіңіз кішкентай кезіңізден бастап кім болуды армандадыңыз?
-Кішкентай кезімнен бастап сурет салуды ұнатушыем, әрине, суретші болуды армандадым.Тіпті, бала кезімде үйдегі қабырғаларға да қолыма қарындаш алып, барлық жерге сурет салу әдетім болатын.
-Сіз үшін ұлттық құндылық деген не?
-Мен үшін елімнің ,халқымның ұлттық салт-дәстүрі өте қымбат. Ұлттық құндылықты аса жоғары бағалаймын.
-Жақсы.Ал, дәстүрімізді жаңғырту неден бастау алады?
-Біріншіден, әр азамат өз елінің дәстүрін қадірлеуі керек. Сонда ғана адам баласы өз отанына пайда тигізуді көз дейді.
-Жалпы, сіз үшін талант, өнер деген қандай ұғым білдіреді?
-Өнер, талант- мен үшін Алланың берген сыйы деп білемін, себебі:
Мына оқиға оған куә ғой.Бірде бір досым айтады: «ауруханада жатсам, өзің сияқты қолыма қалам алып көріп едім.Ешқандай шабытта, аузыма бір уыс сөзде ,өлең де жаза алмадым.»- дейді.Міне, өлең жазу, ақындық өнерде тек бір Алланың беретін дарыны емес пе?Бұлда бір әр бір адамға бере бермейтін өнер ғой.Оған да тума талант қажет.
-Иә, шыныменде-ақ. Өнер ол бір Алланың берген үлкен бағы.Осылай, алтын уақытыңызды бөліп сұхбаттасқаңызға рахмет.Сізге, шығармашылық табыс тілеймін!