Ұлттық арнадағы ұлттық мүдде хақында

Ұлттық арнадағы ұлттық мүдде хақында
жеке
блог

Ұлттық арнадағы ұлттық мүдде хақында

Отандық арналардың көш бастаушысы, нағыз қазақи арна болса ол "Қазақстан" ұлттық телеарнасы. Ұлттық деп айдар тағып,көрерменге жол тартқанына міне биыл 55 жылдың көлемі болды.Жарты ғасырлық тарихы бар телеарнадан қаншама бағдарлама дүниеге келді.Десе де сынға ұшырағандары да аз емес.Телеарнаның кешегісі мен бүгіні,көрерменге жол тартқан бағдарламалар жанры,қазақилығы,ұлттық болмысы,қаншалықты ұлттық арна деген лауазымда лайықты екендігін саралап көрсек.

Алдымен,телеарнаның өткеніне көз жүгіртейік.Көрерменге айтары бар,тағлымды бағдарламалар үстемдік құрған кез еді.Ескілік демесеңіз,ойға түйері мол “көкпар”,”көршілер”,”үзеңгі жолдас”,”сырға”,”шынның жүзі” т.б кіл журналистиканың майын ішкен дарабоздар тізгіндеген талай хабар өтті.Уақыт өте заман талабына сай телеарнада жаңашылдыққа бет бұрды.Нағыз қазақи болмысымызды бүркемелеген тұста осы болатын.Көрермен,һәм заман талабы арнаны да жалаңаштады.Рейтингте тәуелді дәурен басталып кетті.Экранды журналистер емес,жұлдыздар билеп алды.

Қаптаған ток-шоулар мен жұлдызды бағдарламалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.Оның ішіндегі   ”Екі жұлдыз”,”Ұлттық шоу”,”Қазақстан дауысы”,”Айтуға оңай”,”Алаң”,”Қазақтың 100 әні”,т.б тізе берсе кете беретін Қазақстан ұлттық арнасының төл туындылары.Десекте плагиат екені бәріне аян.”Екі жұлдыз” батыстан бастау алған шоу.Еш өзгеріссіз қазақша нұсқада.”Айтуға оңай”рейтингі жер жарған ток-шоу көрерменді көк жәшікке телмірті.Дегенмен бұл да Ресейдің “Пусть говорят”бағдарламасынан көшірілген формат.Тек қазақы шапан жаба салған дүние.Тіпті ток-шоудың тізгіншісі Бейсен Құранбекті жұрт қазақтың Андрей Малаховы секілді қабылдады.

Ал,”Қазақстан дауысы”көршілес қытай елінен көшірілген.Плагиаттың жөні осылай деп орындықтарына дейін көшіргені көрген көзді ұялтпай қоймады.Сонда біздің ұлттық болмысымыз,төл туындымыз жоқ па?Неліктен телеарнаға тың идея тапшы?Осындай сұрақтар санамызды торлаған тұста “Ұлттық шоу”көрерменге жол тартты.Бағдарламаның атына қарап ұлттық болмысымызды танытар төл жоба келді деп бөркімізді аспанға аттық.Өкінішке орай атына заты сай емес дүние көріп жатырмыз.Тізгіншілері Жұбаныш Жексенұлы мен Аша Матай.Осы шоуды неліктен өңкей жұлдыздар тізгіндейді.Сонда  журналистиканы төрт жыл оқып,мамандығына адал қызмет еткісі келетіндер шоу жүргізуге лайық емес пе?

Жә,оны қойыңызшы осыған дейін оншақты бағдарламасы жарық көрді.Көрерменді селк еткізген тың дүние көрмедік.Сол баяғы ескі сарын.Жұлдыздардың тұрмысы,жұлдызды өмір,жұлдыздармен сұхбат.Не керек әйтеуір жұлдыздар жаулаған арзан дүние.Рейтингінен де,ертеңінен де үміт жоқ екенін аңғардық.Екі-үш айдың көлемінде арнадан алыстауы бек мүмкін дүние.

Ал,енді ұлттық арнамыздың қазақилығына келер болсақ сын тағу айып болар.Сонымен қоса бір қуантарлығы жақында қыз-келіншектерді жаппай көк жәшікке телмірткен түрік пен кәріс сериялдарының телеарналардан көрсетілуіне тиым салынды.Тек отандық өнімдерді насихаттайды алдағы уақытта.Бұл да бір өркениеттің адасуына ермей,ұлттық болмысымызды сақтауға бағытталған бетбұрыс болар.Иә,ел болам десең экраныңды түзе деген.Ұрпақ санасын улайтын батыстық плагиат дүниелерден аулақ болайық.Ұ лттық арна ұлттық мүддемізді құнттамаса атауына сын  болар?!!

Жұмабаева Айбану

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті