Ұлтты сүю ұлылық

Ұлтты сүю ұлылық
жеке
блог

Қазақ елі үйіне келген қонақты құдайдай сыйлайтын халық.Қазақ болсын,өзге дін өкілі болсын,сыйластық пен құрмет танытады.Қазіргі таңда өз тілін,дінін мойындамайтын халық көп.Оларды өз елінің патриоты деп атауға тұрмайды.Ұлтын,дінін білмеген,сүймеген қазақ қазақтығынан айырылғаны.Ұлтты сүю жолында қазақтың ағартушы ғалымдар құрбан болды.Мағжан Жұмабаев,Ілияс Жансүгіров және т.б.Бұл ақын жазушылар  қазақ тілін насихаттау жолында,көптеген қан мен тер төкті.Иә,бұл ұлы тұлғалардан айырылып қалғанымызбен тоқтап қалған жоқпыз.1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматының бір топ жастары тіл мен ұлтты сақтап қалу жолында құрбан болды.Бұл жолда Қайрат,Ләззат,Ербол,Сабирадай ата-апаларымыз қыршыннан қиылса,жүздеген жастар темір тордың ащы дәмін татты.Осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда,қазақ патриоттары үлкен қызмет атқарды.Ендігі міндет,осындай қан мен алынған тәуелсіздікті , елдікті мықтылап ұстап тұру.Ұлтты сүйіп,құрметтеу - тамырдының ішінде тулап жатқан қазақ деген сөзді толық әлемге жеткізу болашақ ұрпақтың яғни,біздің қолымызда.Ибалы -салиқалы ұрпақ атану үшін ең бірінші отбасындағы тәрбиеден бастау керек деп санаймын. Тек сол кезде ғана білімде,спортта қазақ елінің көк туы көкке желбіреп көптеген жетістікке жетеді деп санаймын.Қазір спорт саласында туымызды көкке желбіретіп жүрген Серік Сәпиев,Геннадий Голловкин және т.б.Биыл 2021 жылы өткен «TOKYO-2020» олимпиадасында көптеген Қазақстандықтар Жапон төрінде туымызды жоғары деңгейге жеткізді.Ал білім жағына келетін болсақ , көптеген мектеп бітірушілер «Алтын белгі» алып,ЖОО оқуға түсті.Тек Қазақстандық ЖОО ғана емес сондай-ақ шет елдердегі оқу орындарына оқуға түсті. Мен осындай тәуелсіз қазақ елінің ұрпағы болғаныма мақтан тұтамын.