Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қазақкиноиндустриясы үлкен бір сілкініс жасады. Тарихтан сыр шертетін жаңа туындыларды дүниеге әкеліп, ұлы тұлғалардың ұлы есімдерін жаңғыртты десек те болады.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында Мұрат Есжан өзінің ұлт ұстазы атты фильмін қалың жұртшылыққа жолдады.
Ұлт ұстазы Ахмет нағыз сыншыл бағытта түсірілген, түлкідей аңдысқан, арбасқан заманындағылардан аса шапқан ұлы алащ зиялысы, жайындағы бір күнде қорыта қоймайтын ұлы туынды. Жалпы фильмге таңдалған әртістер, түсіруші топ алмастай тіліп түсетін, шоқта жатып шыңдалған нағыз өз істерінің мамандары екенін дәлелдеді.
Фильм жайына оралар болсақ нағыз шынайылық пен табиғилық алғашқы сахнадан ақ көзге көрініп тұрады. Ахметтің Архангельск түрмесінен кейінгі қызметі, ұлт тағдыры келешегі үшін кешкен сан қилы азаптары түсірілген.
Сонау <Қазақ> газетінен бастап, еңбек жолында жазған <Тіл құралы>, <Әдебиет танытқыш> сынды еңбектері бұл күнге дейін өз актуалдылығын жоймаған мәңгіліктің туындысы.
Мәңгілік ар жолынан аттамаған, Міржақып, Әлихандай тұлғалармен ортақ тіл табысып ұлт ағартушылығы үшін еңбегі сіңген тұлға.
<Ахмет ол сіз бен біздің талқылайтын адамы емес>деп Қазиевтің тергеуші Сандыковка фильмде айтқан сөзі Ахметтің қалай өз заманындағылардан асып туғанынының тағы бір айқын көрінісі.
Негізінен бұл фильмді мен араға бірнеше ай салып барып көрдім, себебі фильмді бірден қорыта қойу өте қиынға соқты. Әр бөлімнен батпандай ой түйіп, бір тұңғиыққа батасың. Сол заманның өзіне қайта оралып, тау тұлғалы зиялылардың көзін көргендей күй кештім.
Фильмнен нағыз патриоттық пен ұлттың ұлы ісін арқалаған, беліне батпандай шоқпарды байлаған Ахметтің елі үшін шейіт болғанын көргенде жүрегім еріксіз қанжылады. Салалы ғұмырын ел ісіне арнаған Ахметтің бейнесі мен ұлтжандылығын көргенде өз патриоттығымүшін ұялдым. Егер ол тұлғаның сол кезгі еңбегі тамшыдай көрінгенімен бүгінгі таңда байыбына бара білген адамға ұшаң теңіз.
Тән көмілер көмілмес еткен ісім
Ел бүгіншіл менікі ертең үшін- деп келер ұрпаққа шыбын жанын қиып тастап кетті.
Егер өзіңді ұлтжанды ел азаматы санасаңыз бұл фильмді міндетті түрде көріңіз, ал олай болмаса көрмеңіз, жай ғана ұялып қаласыз.
Джандауов Нурдаулет