Бала тәрбиесі қашанда, қандай заман болмасын өзектілігін жоймайтын мәселе. Өйткені келешектің тұтқасы бүгінгі жас буынның қолында. Тәрбие ананың жатырында жатқанда басталу керек десек, біз өз балаларымыз бен шәкіртті дұрыс тәрбиелеудеміз бе?! Иә, бала ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілері хақ. Алайда, үйдегі ата-ана балаға жақслықтың нұр дәнегін сепсе, мектептегі біз мұғалім сол дәнектің гүлденуіне себепшіміз.
Қазір техниканың қарыштап дамыған кезі, бұрынғыдай баланы алдап өз дегеніңді немесе өз ойыңды орындата алмайсыз. Тисінше уақытында сырлас дос, ақылды ана, пікіріне құлақ салар ұстаз, қамқор әке болып төрт құбыласының теңдігін қамтамасыз ету керек. Әкенің жігерін, ананың аяулы алақанына қанығып өскен өрен, болашақта нағыз рух-жігері тасыған тұлға болады. Міне, осындай отансүйгіш, рухын шыңдаған жас ұланды қоғамда, мектепте жасық қылмай белсенді тәрбиелеу әр ұстаздың қолында.
Оқуда озат, қоғамдық іске белсенді, өз ойын ашық айта алатын жаңа ғасыр баласын қалай тәрбиелейміз?! Меніңше , ол үшін әуелі баланың бос уақытына назар аудару керек. Мейілінше түрлі қоғамдық шаралар мен бірнеше үйірмелерге беріп, уақытты тиімді өткізуін қадағалау керек. Бірақ, бәрі өз мөлшерімен яғни баланың ой-пікірімен санаса отыра нағыз қызығушылығын дөп баса білу әрбір ұстаз бен ата-ананың қоян-қолтық жасайтын игі ісі.
Ұлтжанды бала елі үшін сөзсіз күш-жігері тасып тұрады, ал осы қайнап тұрған рухты дұрыс жаққа пайдалана білу керек. Балаға жөн сілтейтін ата-ана болса да, білікті ұстаз осындай өренді баланы өркендете білуі әсте керек. Сөз бен іс бір арнада болған кезде, нәтиже көреріміз анық.
Дана халқымыз «Баланы жастан» деп тәрбиелеп оқу мен ғылымға, дәстүр мен ғұрыпқа ертеден баулыған. Өн бойында жақсылық өрбіген оқушының болашағы айқын болары хақ. Сондықтан, баланы тежемей, белсенді өмір салтымен қолдаған дұрыс. Ішкі әлемін ұғу арқылы үлкен жетістікте көруге болады.
«Балалардың болашағы әрқашан бүгін. Ертең кеш болады. Балалар күте алмайды» деп Чилилік ақын Габриела Мистраль айтқандай тәрбие де, қолдау да әркез бүгіннен бастау алады. «Не ексең соны орасың» демекші баланың жақс да, жаман да болуы өзімізден.
Атырау қаласы жалпы білім беретін
Марат Отаралиев атындағы орта мектептің
Тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары:Г.Нажимова