Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов-XI ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті қайраткер. Ол ақын, публицист, жазушы, лингпист, саяси қайраткер, халықты азат етудің өзіндік платформасын қалыптастырған тұлға. Ахмет Байтурсынов ғылыми-философиялық еркіндік, теңдік ұғымдарына әлеуметтік мән берген.Және өзінің қоғамдықдамуының тұжырымдамасы бар қайраткер. . Оның жүз жан-жақты қызметінде бір жағы -әдеби мұра – біздің басты назарымызға айналған.Ахмет Байтұрсынов шығармашылығының басты ерекшелігі, оған мақсатқа жетуге күш берген, алаш зиялысы ретіндегі басты міндеті халықты азат ету болды. Ол өзі талантты ақын-жазушыболғандықтан публицистикалық шығармалары да кең ауқымда таралған.Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-публицистикалық мұрасын зерттеуде көп мән-мағына жатыр, өйткені ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін оның шығармаларынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.АхметБайтұрсынов ешқандай даусыз әдебиетті зерттеген адам ретінде тарихта өзіндік орынын қалдыра білген. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы негізгі төрт бөлімнен тұрады: поэзия, аударма, публицистика және әдебиеттану. Оның шығармаларының идеялық-саяси негіздері мен  қазіргі тұжырымдамаларының саны жетерлік. Және  оның барлық жұмыстары бір идеяға бағынады. Айта кетерлік жәйт ақын  өз өлеңдерінде барынша еркін әрі ашық сөйлейді. Публицисттің жазу стилінде де өзіндікерекшеліктері бар. Қазақ литературасының ірі өкілдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы алғаш рет сырттай зерттеу тақырып түрінде болған. Ол кісініңмақалалары мен еңбектерінде адамның бірлігі мен ортақтығы сипатталған. Алайда оның әдебиеттегі шығармашылық қызметінің әртүрлілігі мен тереңдігі негізінде ешқандай талдау жасалмады. Қазақ зиялыларының ішінде Сәкен Сейфуллин Ахмет Байтурсынов жайлы: «-Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,қорлыққа шыдап,құлдыққа көніп,ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып,ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді,»-деген екен. Расында,өмірінің соңына дейін адалдық үшін күшін аямаған ұлт қстазының қазақ үшін төккен тері жетерлік.Біз болашақ журналистпіз.Біздің мамандығымызбен Ахаңның байланысы өте тығыз.Олай деген себебім:А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орны және оның публицистикасы туралы ғылыми объективті тұжырымы -қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі ретінде анықталған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Ахмет Байтұрсынұлы» кітабы 1-том.

2.Әлеуметтік желі. «Bilim all» сайты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті студенті

Досымханова Аякөз Ардаққызы



Бөлісу: