Ұлт шырағы
блог
Ұлт шырағы
Жаны таза, ары таза,
Жүректен де кетті маза,
Ақын болып туғаным ба?
Елім үшін мәңгі жаза!
Ұлы ақын-жүрек түкпіріндегі шабыт ұшқынын халық мүддесімен біте қайнастыра алған жан. Ұлтшыл атын арқалаған қазақ жанашырларының арасында жұлдызы биік жанған жан-Ахмет Байтұрсынұлы.. Бұл лақаб еңселі азаматтың тауын шағып, тағдырын қиғаны тарихтан мәлім. Алайда денесі жер қойнауына бұғауланғанымен, көкірегі елім деп соққан ақынның рухы әр қазақтың жүрегінде тіршілік етеді. Ахметтің қазағына жасаған әр құрбандығы келешек ұрпақтың сөнбес шам шырағына айналды. Сол шырағданның әр сәулесін өшірмей ұстаған жан ғана Ахмет жеткен кемелдікке жетпек.
Ақынды мықтылыққа тәрбиеленген де дәл осы бала жастан қатал тағдыр сынағына түсіп, оларды еңсеруі.
Өмірдің ыстық суығына қаныққан жас бала балалық шағы мен ел ертеңін ойрандаған кеңестіктерге жауап ретінде қалам мен қағазды жанына серік етті. Сыр ақтарар адал дос, қалқан болар қорғаныш өлең мен өнер болды.Қазағына берген сертіне мәңгі адал болып, халқының мұң қайғысын өзімен бірге көр түбіне ала кетті. Қазіргі таңда ұрпақ алдында қадір-қасиеті түсуге айналған қазақ тілінің әрбір әріпін елімді құл қылмаймын деген мақсатта алғаш рет қағаз бетіне түсірді. Халық мұңын нұрлы күлкіге ауыстырам деп жүргенде, бар қайғысы жүрекке қалай дарығанын аңғармаған ақын шырағы қапыда сөнді. Алайда артына қалдырған ізі мен өмірінің мәніне айналған әдеби еңбектері санамызда мәңгі жаңғырмақ. Ел ертеңінің дұрыс қалануы ел тарихына қаныққан жандардың қолында. Осы жолда Ахметтің жандандырған әлемі қазаққа екінші өмір сыйлады.Оқу,тәрбие ісі түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. Дәл осы қағиданы берік ұстанған ақын болашақты тал бесігінен қалады. Кеңес өкіметінің залымдығы тағдыр торабын талқандағанмен, қалдырған мұрасын тұсай алмады.
Қазақ халқына төнген қара бұлтты жарып шыққан күн іспетті Ахмет Байтұрсынұлының жарқын бейнесі ұлт санасында мәңгі сақталды.