Үлкенге құрмет,кішіге ізет (сценарий)

Әсел: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!Ақ жаулықты аналар!Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы!Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар,ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

Тәрбие сағатымызға қонақ болып келіп отырған ардагер ұстаздарымызды таныстырып өтейін.Қонақтарымыз: Қалау әже ,Зәуре әже ,Нәсіп әже ,Бегалиева Рауза Уахитқызы.

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары.

1-қазан қарттар күні мерекесі.Неткен шіркін уақыт десеңші,осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,халқы,келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Бүгінде қазақтың қарияларынан қадір кетіп тұр.Бейнетінің зейнетін көріп,төоде отырып ақыл айтар шағында  ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтындардың саны көбеюде.Немерелерінің маңдайынан иіскей алмай,қаншама жан өмірден өтіп жатыр.  Бүгінгі қоғам жаһандану заманы болса, сол заманмен бірге данагөй қарияларымыз жұтылып бара жатқандай. Себебі, қазақ қоғамында қашанда данагөй, көнекөз қарт-қарияларымыз көп болатын. Қазір олардың қатары тіптен сиреп кетті. Оның орнын жүзінде иман, тілінде кәлимасы жоқ, қыз-қырқынға қырындаған қу шалдар ғана қалды. Балалары мен немерелеріне ақыл айтатын қайран қарияларымыз ай...

 

Қазіргі уақытта неліктен қарттар үйінің саны артуда?Қазәргі кезде қарттар үйі қажет пе?

(слаид,Фариза:М.Мақатаев "Реніш",Райгүл:"Ана зары",көрініс "қарттар үйі")

Қазіргі таңда жастарымыз қарияларымызды қадірлеп жүр ме?Оқушылардың ой пікірімен бөліссек.

Қазіргі таңда қазына қарттар қайда жүр? Беті бүлк етпестен аяулы анасының,асқар таудай әкесінен бас тартқан балаларға не деуге болады? Қариялар-ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек.Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?Өзің қарттарды қалай құрметтейсің? Осы заманда көп адамдар өздерінің туып,өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па?Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз? Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады.Қолында ауыр сөмкелері бар.Қасынан өтіп бара жатқан бір баладан көмек сұрайды.Бірақ ол бала артына қайырылып қарамастан кете барды.Сіз не істер едіңіз? Көшеде қыдырып келе жатыр едің.Алдыңнан бір қария кездесті.Көзінде мұң,қайғы байқалады.Сенімен сөйлескісі келіп,әңгімеге тартты.Баласының қарамай,қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып,мұңын шақты.Сен қалай жұбатар едің?Баласының пікірі туралы не айтар едің? Өзіңе жақсы таныс,жиі араласатын құрбыңның әжесі мен атасы бар.Ол ата-әжесімен дөрекі сөйлеседі,сыйламайды.Айтқандарын тыңдамайды.Танысыңа қандай кеңес бере аласың?Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба? Жалғыз тұратын қарт көршің бар.Үнемі сенен көмек сұрайды.Отын-су тасуға,дүкенге баруға,кейде үйін жинауға шақырады.Сенің әрекетің қандай?Ашуланбай көмек бере аласың ба?                                            Шақырылған қонақтар сіздер оқушыларымыздың пікірлерін тыңдадыңыздар.Ал,сіздердің ой пікірлерін қалай? Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде сіздерді құрметтеп жүр ме?

Ой пікірлеріңізді тыңдадық.Ойландық..Ой түйдік.Пікірлеріңізге рахмет!

Бексұлтан: Аппақ шашын күн сайын қылаңдаған,

Зеәнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ән:"Қариялар азайып бара жатыр" Батырова Карина

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын,ізінен ерген ұрпағына ұлылығын  ұялатып,бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бғрі қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын,тек өзіне ғана  тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.

Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Әсем кештің ажары

Әсем бисіз кіре ме?

Көз тартатын арулар

Мың бұрала билейді деп,қыздардың орындауында қазақ биін тамашалаңыздар.

 Әсел:Өн бойың тұнған ақыл,ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат

Жадыраймын жадырайын

Көңілденіп күлейін

Жанар ма деп талабым

Аталардың ақылдарын тыңдаймыз.

Көрініс:"Ата мен немере"

Бексұлтан:Арманым едің аңсаған

Әке сен бақыт мен саған

Ұрпағым болып жалғадым.

Қуаныш әке сен маған.

Көркем сөз "әке-ана арманы" Қайратова Гүлдана

 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегінді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара---пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар.

Ән:  "Мама" Сұлтанова Қ,Өтешова А                                           

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында,бала-шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Ата-әже үлкендерді құрметтеп,

Оқушылар биден шашу шашайық

Би:Мектеп вальсі

Әсел:Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін

Тыныштық елімізге бере берсін

Молшылық жерімізге ене берсін

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін

деп тілек тілеп бүгінгі кещімізді аяқтаймыз.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймын.Сіздердің баталарыңыздан біз қуат аламыз.

Осымен кешіміз таман.Қорытынды сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдашева Маназилия Темірболатқызына береміз.

Келесі кездескенше,күн нұрлы болғай.Қош сау болыңыздар.

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ф.Энгельс жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушылары

Жетекшісі:Сейтекова Даржан Баязитқызы

                  Сдыхова Гульсара Маннапқызы



Бөлісу: