Үлкен істер адамның атын шығарады

Үлкен істер адамның атын шығарады
жеке
блог

Адам дүние есігін ашқаннан бастап әр түрлі істер жасайды, еңбек етеді, талпынады, мақсат қояды. Кішкентай баланың тәй-тәй басқанының өзі оның ең алғашқы үлкен еңбегі, жеңісі.

Ал үлкен іс деген не? Бұл сұраққа адамдар әр түрлі көзқараспен жауап береді. Біреулер үшін  Олимп шыңына шығу, біреулер үшін қайырымдылық  жасау, енді біреулерге халыққа пайда әкелетін іс.

Қазіргі таңда көп  істі бастамас бұрын «ол маған атақ әкеле ме?» деген сұрақ бірінші орында тұратыны рас. Көптеген  істерді  атақ үшін істейтің заман. «Атың шықпаса, жер өрте» деген, атам қазақ. Барлығының атақты болғысы келеді.

 Маралтай Райымбекұлы:

Бақыт деген атақ, мансап болса егер,

Бақытсыз-ақ күн кешуге болады,- деген.

Сондықтан, шын жүрегіңмен,ықыласыңмен, таза ниетіңмен жасалған титтей бір нарсенің өзің  үлкен іс деуге тұрарлық. Ал, сол жасағаңына өзің риза болсаң, халық та өз бағасын, атағын береді.

Атақ деген стимул. Алға ұмтылдырып, қамшылайтын қозғаушы күш. Бұдан алдыға ұмтылмасаң, артқа кетпейсің. Үлкен істер жасап жүрген адамдарды атақ емес, олар атақты нұрландыратындай болу керек. Бүгінгі таңда мақтануға, атаққа лайықты үлкен істер жоқ емес, бар. Жасалып жатыр. Біздер, жас ұрпақ оларға қарап талпынамыз.Үлкен сенім – үлкен істер нәтижесі, ал үлкен нәтиже  лайықты атақ дәрежесі.