Үлкен кісілер туралы ойым

Үлкен кісілер туралы ойым
жеке
блог

Кешегі блогымда жылы жылы пікірлер айтып, жақсы қарсылағандарыңыз үшін рахмет, Массагет!

Осы тақырыбымда өзімнің қатарластарым туралы айтқым келеді. Жастар туралы. Мен өзім жастар қатарынан табылатындығымнан, жастардың кейбір істеріне сын айтатын үлкен кісілерді түсінбеймін. Мысалы, кеше кітапханада отырып қарасам, бір үлкен кісі келіп маған бұйырып сөйлейді. Жайлы орындыққа мен отырам деген сияқты. Жайлы орындық деп тұрғаным терезе жақ, тыныш жақ. Сонда ойлаймын да егер жақсы орындыққа отырғысы келсе неге ертерек келмейді өзі деп. Мүмкін мен қателесіп тұрған болармын. Бірақ үлкен кісілердің көңіліл жастарға өмірі толмайды. Өмірі әйтеуір кім жаман, жастар жаман деп жүреді де қояды. Мысалы сыйлауға тұратын үлкен кісілер бар. Сыйлауға тұрмайтындар да бар. Жалпы барлық адамға үлкенсің ба, кішісің ба деп емес, адам деп қарау керек деген пікірдің қолдушысымын.