ҮЛГІ
жеке
блог
блог
«...Қадалып қабағына көп қарадым,
Тұрғанындай тұрпатында қазақ біткен.
Бірде тік, бірде сынық, бірде қатты,
Жайдары көңілі түссе махаббатты.
Жалғанның жазы-қысы қабағында,
Батырын кім сүймесін бұл сымбатты.
Тарынса табиғаты бір-ақ уыс,
Өткендей тал бойынан аңғардым күш.
Тік өскен туған жерге тал емендей,
Халқымның қалағаны сондай туыс».
Ғали Орманов «Полковник»
Иә, нақ осындай туыс ! Не боларын білмей, кімге еліктерін білмей жүрген қазағымның кей жігіттері адасып барып, өздерінше сән қуып, үлгіні кәрістің қыздан айырмашылығы аз ұлсымақтарынан алғанша, осы Бауыржандай болмаса да ұқсап бақса игі еді !