Жалпы «Қазіргі қазақ жастары жайлы не айтасыз? Олар ел мүддесі үшін не істей алады? Жастарға көңіліңіз толама?» деген сұрақтар жиі қойылады, талқыланады. Және де мұндай сұрақтардың жауаптарын естімей-ақ, ішің сезіп отырады. Жалпы пікірлердің түйіні: қазіргі жастардың жалқау, әлсіз, еріншек әрі ибалы қыздарың мен қайраттай ұлдарыңның қыздекеше тайраңдап жүргенін, осыған налитынын білідіреді.. Әрине мұндай ащы сөздерді естігенде кәдімгідей сол жастарға қарап түнілесін. Тәнін сатқан қыздар мен елін сатқан опасыз ұлдар, түнгі клубта тайраңдап, ата-ана қадірін түсінбей, хиджаб киюге намыстанатын қыздарымызбен, "қазақпын" деуге ұялатын жастарымыз баршылық. Ай, оларды көріп налисың, оларды аяйсың, келешекке көз жүгіртуден қорқасың.
Бұған қарап, қазіргі таңда жүрегі «елім» деп соққан жастар жоқ секілді көрінетін шығар. Бірақ Аллаға мыңда бір шүкір, Ел басына күн туса, атына қонар жастарымыз бар шылық. Олар елдің мұңын жоқтап, жырын жырлап жүрген, халқым деп қызмет жасап жүрген аймаңдай қыздарымыз бен қайраттай ұлдарымыз. Олардың айбынды істерін көргенде бір марқайып қаласың.Сөзіме дәйек болсын сіздерге сол жастардың бір шоғырын ұсынбақпын.
Жандарбек Бұлғақов Нұр ағаға датын айта білген ақын. Айтыста өзекті жырларыменен елдің ыстық ықыласына бөленді. Жандарбек баршаңызға таныс. Бір туар ақындардың бірі. Елім деп жырлағанда әр қазақтың жүрегі тебіренбей қоймайды. Ащы шындықты тосылмай, нақты, еркін жеткізе алады. Жандарбектің әлі бізге көрсетер таланты, еңбегі баршылық деп ойлаймы. Жандарбектен кейнгі емес, оған дейінгі ақындардың өзі еліктейді десем артық болмас. Мен сіздерге Жандарбектің айтыстағы қайырымдарын ұсынамын.
Төрде отыр қазақ тілін керек қылмай,
Өзге тілдің қаламын ұштағандар.
Қысқартуға ең бірінші ілінсе екен,
Қазақ тілге тілдері қысқа адамдар,,-
***
Қаһарман Қайрат жайлы бір кино жоқ
Өкініштің үлкені осы емес пе?...
***
Астанада жауса да алғашқы қар,
жалаңаш жүр әлi албастылар.
***
Көкірегі соқырлар толып жатыр,
Көздері бақырайып тұрғанменен....
***
Махаббат жас түгілі осы күнде
Болды ғой жынысқа да қарамайтын
***
Әскерге кеткен жігіттер шабытпенен,
Үйіне келіп жатыр табытпенен.
Талғат Мықида айтыстың саңлағы. Өзіндік үні бар. Ол тосыннан тақырып қозғап, айтыстың шырайын кіргізе алады. Ерекше қасиеті суырыпсалмалығы, белгілі тақырыпты жан-жақты қозғап, майын тамызып жеткізеді. Оның айтысын естігенде бір марқайып қаласың.Талғат ақын "Ақын" деп айтуға тұрарлық ақын.
Біздерден алыстатқан әрбір жылы,
Жәннәтқа жақындата берсін оны!
***
Ей, жанымыз ахиретте Алла алдына,
Жаназасыз барудан сақтасын деп.
***
Ей, еркек тоқты Қайраттар құрбан болып,
Қыздекелер көшеңде қыдырып жүр.
***
Ей, «ұлт»дегенде күштерін түре сарқып,
Жақсы екен, жастарымның үлесі артық.
Заманның жастарының сиқы осындай,
Болымсыздық іргені іле шарпып.
Бас ауыртып жатпайды ел-жер үшін,
Клубтарда жүреді күле шалқып.
Ал «Желтоқсан жастары» қазағым деп,
Қасық қанын төкті ғой жүре сарқып.
Ей, алаңға бастап барған аяқтары,
Істемейтін бастардан мың есе артық.
Мейірбек Сұлтанхан Шиелінің тумасы, жас та болса хас ақын. Жүрсін Ерманның Мейірбекті еркше бағалайтынын білемін. Расында да ол бағалуға, мадақтауға тұрарлық ақын. Өткір жырлары халық аузында жүр. Мейірбекте Жандарбектің, Талғаттың ізін басар айтыскер деуге болады.
Бесік жырын білмейтін аналардан,
Ертегі тыңдамайтын бала туар"
***
"Сән қуу бикештерге ләззатты іс ед,
Ақылың аздау болса азапты шек!
Шешінген жалаңашты көрген кезде,
Есімізге Елші айтқан тозақ түсед.
Бетіңдегі ұятың сыпырылса,
Денеңдегі шүберек өзі-ақ түсед
***
Ажалыңың пойызы жақындады,
Оянсаңшы бауырым,құлшылық қыл.
***
Жәннәтқа ұмтыл қазағым жастан ,
Бес уақыт намаз қаза қылмастан
***
Есігіңнен табылды алтын адам
Төріңде не жатқанын Құдай білсін.
Қанат Мырзаханды ерекше айтқым келеді. Ол жас жүйріктей керемет шабады. Оның мақамының өзі тамаша. Қанат қарсыласқа есесін жібермейді, қарсыласқа жауапты да әдемі қайырып қайтарады. Ол айтқан әрбір шындығын дәйекпен келтіріп, ерекше шабыспен айтады. Әрі айтқан шындығын астарлап, қалжыңмен ұштастыра келіп жеткізеді. Қайраттың жерде қалмайтынына сенемін.
“Тірі өліктер” байқалса тіршілікте,
“Өлмейтіндер” өлген соң анықталад.
***
Демократия шектен тыс болған жерде
Демография қалады түк дамымай
***
Қазан аттар қазыққа шырматылып,
Шабан аттар шалқақтап шапқан заман.
***
Ей, есептеліп намаз бен азанымыз,
Бес күндік бұл дүние базарымыз.
***
Бодандықтың кезінде Колбин қырып,
Мерт болды қанша мықты қазағымыз.
Ей, ал енді, бостандықтың таңы атқанда,
Молдадан кеп тұрмасын ажалымыз.
***
Қаһарман Қайрат жайлы түсірмейме,
Ажалдан сескенбеген төніп келген.
Еркіндігін елінің ойламаса,
Алаңға шыққан жоқ қой еріккенен.
Сол кездің жалындаған жастары ғой,
Кеңестің қабырғасын сөгіп берген.
Ей, міне нағыз чемпиондар осылар ғой,
Қазаққа азаттықты жеңіп берген.
Айтыстың "қалжың" дейтін кәдесінің шебері Сырым Әуезхан. Ол кішімен де, үлкенмен де әзілдесе біледі. Әзілі орынды, әрі ерекше қайырымдармен келтіріп айтыса алады. "Аузы ашық бала" атанған Сырым қазіргі айтыстың ең жас жүйрігі. Ол осылай жалғастыра берсе талай айтыскердің мысын басары хақ.
Көрінбеген Құдайға құл болмасаң
Көрінгеннің бәріне құл боласың
***
"Мұсылман қыз имандыны сүйетін,
Ғазиз басын тек Аллаһқа иетін.
"Ақ боз атты ханзаданы" аңсамай,
Ақ пейілді азаматқа тиетін!"
***
Бастысы индиялық махаббатпен
Қытайша көбейтіңдер қазақ санын!
***
Мейрам тойлап қуанған қазағымды
''Майдан'' болып кетуден сақта құдай
***
Жүректі Құбылаға бұрып қойған,
Құлына мейірімді Аллам неткен!
Көп айтты демессіздер. Жазбамның түйіні: Бізде де осындай арыстар бар. Қазіргі заманлың "бес арыстары" осылар. Оларды құрметтейік, бағалайық. Халқым, заман жастары деп түңілмеші, қазақтың осындай жігіттері тұрғанда қазақ өлмейді де, өшпейді. Ел басына күн туа қалса атқа қонып ең бірінші осы жігіттер ғой жау басын алатын. Оларды үстіне шапан, қолына домбыра ұстапты деп, көке көтеруіміз қажет. Қыздекеше тайраңдайды қазақ жігіттерінен мың се артық бұл жігіттер.
Менің бұл жазбаны жазғандағы себебім: «Қазіргі қазақ жастары жайлы не айтасыз? Олар ел мүддесі үшін не істей алады? Жастарға көңіліңіз толама?» деген сұрақтарға осы арыстарымызды айтып, мақтанайық.