ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз. 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз ұлыңыздағы батылдық сезімі мен өз-өзіне сенімін жояды. Ұлыңызға арқа сүйемеңіз. «Менің сүйенішім», «мені бағады», «өмірімнің мәні» секілді сөздеріңіз ұлыңызға өте ауыр жүк жүктеп, белгілі бір уақыттан кейін «мен анама лайық емеспін» деп жеткіліксіздік сезіміне душар болады. «Мен сенің бақытың үшін осыншама күш жұмсап жүрген болсам, сен бақытты болуға мәжбүрсің» деген сөздеріңізбен ұлыңызға қысым жасамаңыз. Ешқашан ұлыңызбен одақтас болып жұбайыңызды шеттетпеңіз. Ұлыңызды әкесінен алыстату арқылы оны өмірінде үлгі алатын моделінен айыратыныңызды ұмытпаңыз! Ұлыңызға қызметші бола көрмеңіз. Әр қалауын орындау арқылы әйелді қызметші ретінде көруіне себепші болмаңыз. Ұлыңызды өз ісін өзі істеуіне бейімдеңіз.

 

 

Елжас Ертайұлы

«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы

Instagram: @yelzhas_ertaiuly_kenesshi

https://www.facebook.com/yelzhasyertaiuly

https://www.facebook.com/kenesshiyelzhas

 



Бөлісу: