Үкіметтік емес ұйымдармен онлайн-кездесу өтті

Үкіметтік емес ұйымдармен онлайн-кездесу өтті
жеке
блог

   Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында білім беру саласы бойынша  Үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты түрде   онлайн-кездесу өтті. Жиынның мақсаты - оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, білім беру  сапасын одан әрі жетілдіру.

   Басқосуға «Білім сарапшыларының қазақ лигасы» ҚБ президенті Гүльнар Әбішева, Қарағанды облысы педагогтарының «Өркен» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Бақытгүл Калекина сын Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  қазіргі пән мұғалімдерінің  оқыту үдерісіндегі мәселелер туралы айтты. Сондай-ақ,  «Қазақстан тарихшылар қауымдастығы» ҚБ жетекшісі Мәмбет Қойгелдиев мектепке арналған тарих пәніне Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастыратын үлгілік оқу бағдарламаға өз ұсыныстарын білдірді.

   «Еліміздің білім саласындағы жаңалықтардың бірі «Әліппе» оқулығының қайта оралуы. Оқулықтың  жаңа 5 түрлі нұсқасын тәжірибелі 60 мұғалімнің жұмыс тобымен жазылуда. «Әліппе» оқулығының жаңа нұсқасында ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесінің элементтері сақталады. Қазақ баласы үшін «Әліппе» оқулығының маңызы зор. Саналы  ұрпақтың алдында үлкен жауапкершілік жүктеледі. Себебі, Қазақстандағы 3,5 миллион шәкірттің жауапкершілігі біздің мойнымызда. Рухани маңызы бар үрдістің жұмыстарын адал жүргізетін болсақ, Қазақстанның білім саласын брендке айналдырамыз деген үміттеміз!», – деп атап өтті Академия президенті Ғани Бейсембаев.