Қазақты қой мінезді дейміз ғой, сол момындықтан, мүмкін сондай жуастығымыздан сылбыр, момын, ЕЗ болып та жүрміз. Жаспыз, жігітпіз! деп көзінен ұшқын ойнайтын кездер азайып барады-ау... Қиын...
Сосын енді өзім ұққан, дұрыс-ау деп пайымдаған ойларды анамның айтқан ақылдарын (есіме түскенін) жазып көрейінші.
Түсінбедің бе – сұра!
Кездескің келді ме – Шақыр!
Ешкіммен айтыспа!
Керек етсең – сұра!
Түсінбеді ме – Түсіндір!
Қатеңді білсең сылтау іздеме, кешірім сұра!
Әркімнің өз шындығы бар, есіңде болсын!
Тек өзіңнен үміт күт!
Ең бірінші кезекте жақсылықты көруге тырыс!
Өтірік айтқың келді ме – айтпа!
Кекшіл болма!
Қарыздақорда иман жоқ.
Ұрды ма, намысыңды жықпа!
Иә, осы-ақ, әдеті ғой, жазатын болсаң жер жұтып кеткендей жоғалатыны. Ендеше көмек керек, қандай ойларыңыз бар? Қандай кеңес жадыңызда?