Ұғыну

Ұғыну
жеке
блог

Тағдыр деген қызыыық)) АЛЛАның адамға қандай өмір, қандай жолдар мен кездесулер, қандай сынақтар мен нағыз емтихандар дайындап қойғаны беймәлім. Бұрын "неге бұлай?", "неге маған мұны жазды екен?" деп көп қайғырып, жылайтынмын. Өз құрдастарым бұл жасында бакалавр болмақ түгіл, доктор атанып жүр, бір емес, бірнеше баланың анасы, кереметтей бастық болып алды деп қиналып қалатын едім. Бекер әурешілік екен)))) Бәрі өз уақытымен,себебі МЕН бөлекпін. Мен Айнұр емеспін, Зарина емеспін, тағысын тағы емеспін, МЕН менмін))) Тап осы күйімде, тап осы тағдырыммен, тап осы жағдайда. 

 

Өз өміріңді өзгерт, талпын, жабық есікті теуіп аш немесе басқа есік ізде дейді мотивациялық кітаптарда. Робин Шарманың да кітаптары адамды жақсылыққа итермелейді, алайда бір нәрсені елемей кете береді: кей адамдардың тағдыры мүлдем бөлек. Көптен ерекше. Соны ұғына білу, тағдырыңа мойынұсынып, көне білу де керек екен.


Әкем "Қызым, АЛЛАның жазғанын көресің, ешнәрсе бекер болмайды. Қиналма" деп жұбатқаны мың психологтың сөзінен өтімді.

Айтайын дегенім, уайымдап, қайғырмаңыздар. Қолдарыңыздан келерді істеп, күтіңіз. Жаратқанның тап сіздің ғана маңдайға жазған тағдыры бәрі бір болады. Сену керек. Бүгінгі қайғың, ертеңгі күннің қуанышы болары анық, себебі бәрі тек жақсылыққа, ізгілікке алып келеді. АЛЛА жазса.

 

Қоғамның, бір топ адамдардың ойлап тапқан шектеулерінен өзімді биік қоятын болдым. Әрине, ағысқа қарсы жүзіп, мүлдем "қуып" кетем дегенім емес, бар болғаны әр күн, әр сағат болатын жағдайлар тек МЕНІҢ өмірім, МЕНІҢ ғана тағдырым, демек солай болу керек деп қабылдаймын. Пәлсапашылардан аулақ, ақыл үйреткіштерден аулақ, ми жегіштерден аулақ, "дұрысадам" клишшесінен аулақ))) 

 

Біреуге ұнаймын демеймін енді, біреудің көңілінен шығам деп өзімді өзім азаптап, қинамаймын)))) Барым осы.  Басқа АйжанТабын жоқ)))))