Ұғымдар бар....

Ұғымдар бар....
жеке
блог

 

Достарым бар,жоқ емес дей алмаймын,
Дегенменде кейде өзімді жиі алдаймын.
Достық-деген әрине,жақсы шіркін,
Дегенмен де таба білсең,достық кілтін.

Достарым бар,бірі жақын,бірі алыс,
 
күле қарар қадам бассаң бір шалыс.
Достарым бар, мен ылғи жұбататын,
Достарым бар,табан асты құлататын.

Достарым бар,ылғи бірге жүретін,
Достарым бар,ылғи бірге күлетін.
Достарым бар, мені кейде кекетін,
Достарым бар кейде сөзін екі ететін.

Достарым бар, мені әркез түсінетін,
Достарым бар,менсінбенсіп түсіретін.
Достарым бар, шалқалаған мінезі шала,
Достарым бар,қалқалаған,мінезі бала.

Достарым бар,мінезі тік,қайсарлы,
Достарым бар,мінезі жоқ,жайсаңды,
Достарым бар,кейде болар өзінше,
Достарым бар,бөлінер олар көзіңше.

Ал досым бар менімен сырласатын,
Менімен әркез шер сыртып мұңдасатын
Жан Досым бар әркез мені құрметтейтін,
Менде оны мәңгілік құрметтеймін....