ҰБТның алаңдатар сұрақтары

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
жеке
блог

            19 наурыз күні қорытынды аттестация мен ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша 11-сынып оқушыларына арналған қалалық форум өткізілді. Оқушылар сарайында өткен бұл жиынға мектептен әр секцияға 3 түлектен шақыртылған. Түлектер төмендегі секциялар бойынша қатысты:

  1. Техника, технология, информатика, дизайн, транспорт, логистика мамандықтары;
  2. Медицина, денсаулық сақтау, спорт және туризм мамандықтары;
  3. Бизнес, экономика, финанс мамандықтары;
  4. Шет тілдері, педагогика, филология, юриспруденция мамандықтары;
  5. Шет елде білім алу.

Форумға ҚР БҒМ өкілдері қатысып, оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Шыны керек, толассыз жаңалықтар мен өзгертулерден мезі болған түлектердің арыны қатты. Кейбір сұрақтарға университет және Ұлттық Тестілеу орталығының өкілдерінің жауап таба алмағанын жасыруға болмайды. «Vector» журналының журналисттері гуманитарлық бағыттағы мамандықтар секциясына қатысып, төмендегі ақпаратты нақтылап қайтты:

  1. Емтиханды мектеп ұстаздары қабылдайды. Дегенмен, қалалық Білім басқармалары арнайы комиссия тағайындайды.
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе тақырыптарының саны 100ден аспайды. Оның ішінде 50 тақырыбы мектеп программасынан алынса, келесі 50-і еркін тақырып. Бұл тақырыптар жаратылыстану және гуманитар бағытында оқылатын мектептер үшін сарапқа салынып, деңгейіне қарай жіктеледі.
  3. Қазақстан тарихы пәнінен билет сұрақтары 150-ден аспайды.
  4. Бақылау жұмысының үлгісі, эссе тақырыптары, қазақстан тарихы пәнінен билет сұрақтары ҰТО ресми сайтында жарияланған.
  5. ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 10.03 – 10.05 аралығында қабылданады.
  6. Архитектура және т.б. шығармашылық мамандықтарға тапсырғысы келетін абитуриент ҰБТ-да тек негізгі 3 пән бойынша сынаққа түседі. Қалауы бойынша 5 пән жазса да болады.
  7. Журналистика мамандығына түсу үшін 2 негізгі пәнді (оқу сауаттылығы, қазақстан тарихы) тапсыруға болады. НАҚТЫ МӘЛІМЕТ!
  8. Ал шығармашылық емтихан 05.07 – 10.07.17 аралығында өткізіледі.
  9. Мемлекеттік грантқа қатысу туралы өтініш 23.07 – 31.07.17 аралығында қабылданады.

Сонымен қатар, қабылдау комиссиясы мынаны ескертеді:

Мемлекеттік грант ЖОО-ға емес, мамандықтар арасында жіктіледі. Яғни, өтініш толтыру барысында 1 мамандықты әртүрлі 4 университеттен белгілеудің қажеті жоқ. Егер алғашқысынан мүдіріп қалсаңыз, қалған үшеуіне де автоматты түрде түсе алмайсыз. 1 университеттің әртүрлі 4 факультетін белгілесеңіз болады, немесе 4 мамандықты 4 университеттен таңдау жасауға құқығыңыз бар.

Түлектер, үлкен сәттілік!