ҰБТ туралы дау көп

ҰБТ туралы дау көп
жеке
блог

11 жыл бойы білім  алған мектеп оқушысының  болашағын 3 сағатта шешетін Ұбт 2004 жылдан бері бір ережемен өткізіліп келеді.Он бір жыл оқыған мектеп түлегінің білімін сарапқа салатын  тест өз нәтижесін беріп келеді.Осы Ұлттық біріңғай тестілеу ҰБТ жүйесі жайлы қарама –қайшы пікірлер жиі айтылады.Қолдаушылар “бұдан сәтті жүйе жоғын”айтса, қарсылар “тест оқушының біліміне дәлел емес” дейді.

ҰБТ-ның орнына емтихан енгізуге қалай қарайсыздар?

 Айгул Төлепбергенова,№39 гимназияның биология пәнінің мұғалімі:

-Меніңше ,емтихан тапсыру дұрыс.Неге десең, осы кезге дейін мектеп оқушылары соңғы жылын тек Ұбт-ға дайындалумен өткізіп,мектеп бағдарламасын кері ысырып қоятын.Бұл дұрыс емес.Ұбт-ға дайындалған бала стресте жүреді,психологиялық тұрғыдан әсер етеді,жүйкеге салмақ салады.Ал емтихан дұрыс қадам.Алдымен осындай оқиғалардың алдын аламыз және білімгер қалаған мамандығы бойынша емтихан тапсырады.Бұл оқушының өз мамандығын адаспай таңдауға зор мүмкіндік.Сол сала бойынша білімін жетілдіреді.Сол себепті  емтихан тапсыру тиімді болмақ.

 

Қойшыбеков Жайсан №39 гимназияның 11 сынып оқушысы:

-Ұбт-ға дайындалған түлек,өз бағасын алады. Еңбектенген әр адам өз жемісін көреді,ұбт-дайындығы бар адамның білімін дәл,нақты көрсетеді.

      Ақнұр Смагулова №39 гимназияның 11 сынып оқушысы:

 -Тест дегенге қарсымын,тест нақты баланың білімін анықтамайды.Егер бір кітапты толық оқымай, тек тесттегі сұрақтарды жаттасақ,білімді ұрпақ қалай қалыптасады?Жаттанды тест арқасында сауаты аз, білімсіздерде өсіп келеді. Ұбт білімгердің білімін анықтамайды.Оқушы білімін  керісінше жаттандылыққа айналдырады.Тесттің орнына емтихан қойса бәлкім дұрыс болар еді...Тестте 5 сұрақтың біреуін білгенше ,11 жыл бойы білімінді,оқып-тоқығанынды емтихан арқылы айтса менің ойымша сол  дұрыс болар еді.

Дюсембекова Сабина № 39 гимназияның 11 сынып оқушысы:

– Менің ойымша, емтихан тапсырсақ, жақсы оқитындар әділ бағасын алар еді. Әрі оңтайлы болатын сияқты. Тест әділетсіз түрде өтеді, біреулер сатып алады. Жақсы оқитындар түсе алмай қалады. Тест баланың білімін анықтамайды. Ал емтихан өте оңды бетбұрыс деп ойлаймын.