ҰБТ сынағынан қалай сүрінбей өтеміз?

ҰБТ сынағынан қалай сүрінбей өтеміз?
жеке
блог

Қайырлы күн! Бүгінгі блог жас түлектердің назарына арналады. Құрметті түлектер, сендерді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Мен ҰБТ- ға қалай дайындалдым және мамандықты қалай таңдадым? 2011- жылы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, Алматы қаласындағы алдыңғы орында тұрған Университеттердің біріне грант жеңіп алдым. Ең алдымен, мен сынақтан жоғары бал жинайтыныма және қалаған жоғары оқу орнына түсетініме сенімді едім, ең бастысы алға мақсат койып, сол мақсатқа жететініңе ешқандай күмән келтірмеу керек. "Біздің ойымыз, ол біздің болашақтағы іс әрекетіміз" Будда. 

Мен әрине бұл сынаққа 2 жыл бойы үзбей дайындалдым. Ең алдымен пәндерді бөліп алдым. Бірінші жылы, ауызша пәндерге дайындалдым (тарих, қазақ тілі және орыс тілі). Дайындықты бастамас бұрын үш пәннен тест тапсырдым (кейін нәтижелерді салыстыру үшін), менің нәтижем 15-тен 25-ке жетті. Екінші жылы математика мен таңдау пәніне кірістім, менің таңдау пәнім физика болды. Бұл пәндерге қалай дайындалу керек? Ең алдымен матекатикадан бесінші сыныптың программасынан бастап оқуды жөн көрдім, себебі жыл бойы программалар өзгереді, кейбір тақырыптарды осы уақытқа дейін ұмытып та қаласың. Қайталап болған соң, "ШЫҢ" тест жинағы бойынша дайындалдым, ішінде білмей қалған есемтемелерді, сыныпта мұғаліммен бірге талқыға салатынбыз. Ал енді физика пәніне дайындық, бұл пәнге дайындалғанда, ең бастысы физикада кездесетін бүкіл форуланы еске сақтаған жөн. Формуланы еске сақтау сізге оңайға түспесе, сіз формуланы қайдан келгенін талқыға салып көріңіз, яғни формуланы дәлелдеу керек.

Енді көптен күткен сынақ, өзіңді қалай ұстау керек?


 

Біріншіден, кем дегенде бес сағат ұйықтау керек, себебі ұйықтамасаңыз сіздің жұмыс қабілітіңіз төмендейді, өзіңізді жәйсіз сезінесіз.

Екіншіден, таңғы асыңызды міндетті түрде ішуді ұмытпаңыз.

- Аудиторияда кірерде өзіңізбен бірге су және кішкене шоколад болсын, шоколад мидың жұмысын жақсартуға көмектеседі.

- Сынақ алдында жаныңызды тыныштандыратын дәрілерді ішсеніздер артық етпейді, мысалы, валерьянка.

- Ең бастысы уайым қайғыдан, теріс эмоциядан аулақ болған жөн, ол сізге сәттілік алып келмейді.

Мен бұл жолдан өттім, сен де өтесің, сенің қолыңнан бәрі келеді, ең бастысы еңбек ет, талаптан!

Тек қана алға!

Әңгімемді Ұлы Абай атамыздың сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.