ҰБТ шпаргалкасы
блог
Мектепте жыл сайынғы бас ауыртатын тақырыптың бірі ҰБТ. Мұғалім үшін де, оқушы үшін де, тіпті ата-ана үшін де нағыз тар жол, тайғақ кешу дерсіз. Биыл аталмыш тестілеу жаңа форматта екінші жыл қатарынан өткізілмек. Бұрындары: "ҰБТ-ны алып тастаса ғой" ,- дейтін оқушылар екі кезеңнен тұратын ҰБТ-ға тап болды. Бұрынғыдай жауабы арқылы тексере салатын математика жоқ. Бас қатырып, логикалық тапсырманы шешу керек. "Оқу сауаттылығының" тапсырмасын әлі күнге дейін түсіне алмай жүргендер жетерлік. Бұрын оқушылар қай пән таңдарларын білмей, бастары қатса, қазір ол пәннің де саны 2 есе артты. Шынымен де, жүйкені жұқартып, басты айналдыратын тақырып.
ҰБТ-ға дайындалу үшін көптеген оқушылар талай білім орталықтарының есігін жағалап кетеді. Баласының қалтасына қаржысын салып беріп, күпті оймен ата-ана қалады. "Қалай болар екен?" деп. Шыны керек, қазір тестілеуге дайындайтын орталықтар көбейіп кетті. Олардың сапасы, дайындау жолдары тағы беймәлім.
Оқушыларды орталықта дайындаумен қатар, онлайн түрде дайындық өткізетін "World Education" білім орталығымен зерделі жанның талайы таныс деп ойлаймын. Орталықтың жетекшісі Абылай Ахметқалидың айтуынша, дайындықтан кейінгі балалардың нәтижесі біршама жоғарылайды. Өйткені, бұл орталық балаларға ұзақ-ұзақ формула жаттатып, есептердің қиын жолмен шығарылуын үйретумен айналыспайды. Нанбасаңыз, бір сабағын тегін қарап көріңіз. Сонымен қатар, бұл орталық балаларды жігерлендіретін мотивациялық сабақтар мен мотивациялық жазбаларды парақшаларына жиі салады. Бұл да баланың дамуына айтарлықтай өз әсерін тигізеді.
Білім орталығы мен дайындық жолдары жайлы жоба жетекшісі Абылай Ахметқали әңгімелеп берді. Балаға берері көп осындай орталықтар - түлектер үшін нағыз шпаргалка болатынына сенімім зор!