Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің өзгерістеріне және әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты мектеп бітіруші түлектеріне бірыңғай тестілеу қолданылуда. Осыған орай оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық тұрғыдан дайындау өзекті мәселе болып отыр.
Емтихан - бұл адам білімін бағалайтын тәсілдерінің бірі, бірақ сонымен қатар тұлғаның эмоционалды тұрақтығына үлкен талап қоятын күрделі стресстік жағдай. Стресс - кез келген сыртқы әсерлерге адам психикасының және физиологиясының жауап қайтаруы...
Ең бастысы тест тапсыру барысында:
- жұмысты бастамас бұрын жинақталып, сабырлық таныту керек;
- жеңіл сұрақтардан бастап, содан соң қиын сұрақтарға көшу керек;
- тапсырманы соңына дейін оқып, түсініп, содан соң дұрыс жауабын белгілеу қажет;
- өз жұмысыңызды тексеру және қателіктерді түзету үшін уақыт қалдыру керек.
Есте сақтайтын бір нарсе, сіздің емтиханнан алған бағаңыз сіздің тұлғалық, өмірлік бағаңыз емес!