Көптеген бітірушілер мен олардың ата-аналары әдеттегідей тест тапсыру қарсаңында эмоционалды күйзеліске түсіп жүргені белгілі. Әр емтиханға дайындалған адам осындай жағдайды жақсы біледі, әсіресе емтихан енді басталған кездегі сезім. Дегенмен, күйзелістің шамасын азайтып, ал емтиханның нәтижесін үлкейтуге болады.
Халықаралық Бизнес Университеті тәжірибелі мамандардың көмегімен ҰБТ-ға дайындалудың жоспарлы және жүйелі дайындалу мүмкіндігін ұсынады.
Халықаралық Бизнес Университеті EdTech-Kz Халықаралық Білім беру орталығымен біріге отырып, 2014 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасындағы мектептердің бітірушілерін ЖОО-ға дайындауды бастап кетті.
«Жыл өткен сайын талапкерлер саны артып келеді, сәйкесінше грант иегері атанушылардың реті де осылай», - дейді «EdTech-Kz» директоры Ғани Бектайұлы Бейсембаев. «Мектепте жалпы білім беруде білімнің белгілі бір көлемімен ғана шектеледі. Нәтижесінде ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндіктері азая түседі. Ал біздің іс-тәжірибеміз көрсеткендей, тек қана ҰБТ-ға бағытталып жұмыс жасаймыз», - деп ол өз сөзін толықтыра кетті. Сөйтіп Халықаралық Бизнес Университеті аталған дайындық курстарын өз міндетіне алды.
ҰБТ-ға дайындалу барысында негізгі материалдарды қайталаумен қатар жаңа біліммен толықтырулар да жүреді. Талапкерлерді келеңсіз жағдайға қалдырмау үшін біз тестілеуде келетін сұрақтардың барлығын қамтуға тырысамыз. Сол себепті, үздік нәтижені тек жүйелі дайындалғандар мен күнделікті жоспарды қайталаумен болғандар ғана көрсетеді.
«Жоғары білім беру саласында бәсекелестік өте жоғары. Бітірушілер мен олардың ата-аналары маған әлденеше рет келіп қандай ЖОО-нын таңдау керек екені туралы сұрайды. Шынымен де, баланың жоғары білім алуы оның болашағын сенімді түрде қаржыландырғанмен тең. Сол себепті, ЖОО-нын таңдар кезде, алдымен оның материалдық базасын, білім берудің заманауи тәсілдері мен жүйелерін қолдануына, оқытушылар ұжымына көңіл бөлу керек», - деп қоса кетті Ғани Бектайұлы. «Мамандық пен дипломның сұранысы да талапкерлерді ойландырады. Менің білуімше, ХБУ көптеген ұйымдар және компаниялармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Олар сол жас мамандарды жұмысқа алуға құлшыныстарын білдіруде. Ал бұл ең маңыздысы болып табылады.»
Осы жылы ҚР-ның жетекші компаниялары мен Халықаралық Бизнес Университеті арасында өзара келісімге қол қойылды. Бұл университет пен компаниялар білікті мамандар дайындауға ат салысып жатыр деген сөз. Оқудан кейін жұмысқа орналасу әрбір студенттің арманы емес пе?! Ал ХБУ осындай мүмкіндіктерді береді. Бүгінгі күнде университет экономистер, қаржы мамандары, IT-мамандары, маркетолог, халықаралық қатынас саласындағы мамандары, әлеуметтік іскерлер, әлеуметтанушылар, психологтар, экологтар мен журналистерді дайындайды. Қазіргі заман білікті іскерлерді қажет ететінін ескерсек, студенттердің ХБУ-де оқығу құлшыныстары артатыны сөзсіз.
Оқушылар не ойлағанымен, маусым айы жақындап қалды. Демек, ұлттық бірыңғай тестілеуге оларды дайындауды күшейту қажет.
Осы жылдың бітірушілеріне сәттілік тілейміз!