ҰБТ жайлы жалпыға

ҰБТ жайлы жалпыға
жеке
блог

Өмірдегі сын қатар баспалдағы, аталмыш Ұлттық Біріңғай Тестілеуден неде болсада өттік. Бұл кезекте жаңа үлгідегі тестілеу алғашқы жыл болғандықтан қанағаттандырарлық көрсеткішке жеткеніміз бар, жетпегеніміз де бар. Ал бұл орайда Министрлік біздің бағымызды білері анық. Бүгінгі көрсеткіштерге қарасақ шекті баллды бірде-бір жан алмаған сықылды. Бұны да тілге тиек еткен жөн. Ал менің сіздермен ҰБТ-ның маған қалай әсер етіп, қандай тұрғыда қабылдағанымды бөліссем деп едім. Өз басым ҰБТ әсер етуі етті (етпеген атам кемде кем шығар): әсер еткені сол- сынақтама тесттерденде мықтысы, аты шулы ҰБТ-ның халі соншалықты дерлік емес дейтіндейі баршылық екен. Өзімнің көрсеткішіме қанағаттану үстіндемін. Ең бастысы өзіңнен кейінгі орындағы көрсеткішке ие болғандар саны көп болу есебінен тәубеңе келеді екенсің. Бұл да бір сынақ. Жеңіске жетемін деген адам бастамасынан беріліп құлай салса не болмақ? Мойымай өзін алға жетелеп, төтеп бере аламын деушілер..Пах Шіркін! Дәл ризамын. 

ҰБТ жайлы айтар сыни көзқарастар, өкініш, реніш, бүкіл қателіктер жетіп-ақ жатыр. Алайда ол ойларға келісемін деп ой тастап отырғаным жоқ. Недегенмен, әлбетте өз қабылдауларыңыз. 

Ендігі кезекте мотивация берер құнды сөздерді, абитуриент атанған соң өз қатарластарыма арнап жиі пост шығарып тұрамын. Менің блогтарым оқылып, сіздерге 99.9% қол ұшын берсе, пікір түйіп, санаңызды тербетсе мен ризашылығымды білдіремін. Оны алдағы постта көре жатармыз. Шын тілекпен сіздермен болған оқылым баспагері блогшы Гүлжайна.