ҰБТ-жаңа өмірге қадам

ҰБТ-жаңа өмірге қадам
жеке
блог

   ҰБТ- жас түлектің өміріндегі маңызды емтихандарының қатарына жатады.11 жыл бойыоқыған еңбегінің нәтижесің көрсететін сәттердің бірі.Мен үшін ҰБТ өз-өзіңді тексеру емтиханы болып саналады. Әрине,бәрімізде қобалжу, үрей,қорқыныш сезімі болады. Не себепті?

        1.Бастаманың болмауы
   Көптеген түлектер ұзақ уақыт бойы өзінің қандай мамандық иесі болатының білмей жатады.Неден,қалай бастауын білмей уақыттарын жоғалтып алады. Бұндай жағдайда,арнайы мамандық таңдауда көмек беретін маман иелеріне жүгінуге кеңес берер едім.

        2.Сенімсіздік
   Өз-өзіне сене білген,алға қойған мақсаттары айқын адам биік шыңдарға жете алады. Сенің басқа адамдардан еш жерің кем емес,соны түсінуің керек,өзінді басқалардан төмен санауынды доғар. Керісінше,еңсеңді биік ұстап алға ұмтыл.

       3. Уақытты жоғалту
   Ең жиі кездесетің жағдайлардың бірі.Көп оқушылар әлі алда уақыт көп деп ойлайды. Бірақ уақыт деген зымыран,көзді ашып жұмғанша қалай алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жақындап қалғанын байқамай да қаласың. Сондықтан, басынан бастап уақытыңды тиімді пайдалануды үйрен.

   Қорытындылай келе айтатыным,ҰБТ сіз ойлағандай қорқынышты емес!Осы орайда белгілі тарихшы Әлдоңғаров Әлішер“Ұлттық бірыңғай тестілеу өмірді сәтті бастаудың миллион жолы болатың болса,соның біреу ғана”-,деп жақсы айтқан. Өмір ҰБТ мен шектеліп қалмайды,есіңде болсын жас түлек!