ҰБТ жаңа мүмкіндіктерге жол ашады (байқау)

ҰБТ жаңа мүмкіндіктерге жол ашады (байқау)
жеке
блог

Сәлем достар! Сіздермен тағы да жүздесіп отырмын. Мен сіздерге осы кезге дейін ҰБТ-дағы тандау пәнім биологияны қайталап жатқаным туралы айтқан болатынмын. Биологиямен қатар маңызды 5 пәннің бірі қазақстан тарихы пәнінен де дайындалып жатырмын. “Тарихсыз — ел жоқ” демекші, қазақ елінің тарихын білуге міндеттіміз. Оқыған кезде өте қызықты, тіпті оқыған кезде кітаптың ішіне кіріп кеткен сияқты боласың, шіркін. Қазақстан тарихын білу бұл қазақ хандығының пайда болуы мен дамуын білу, яғни өз еліңді тану. 

Алдымен дайындалмас бұрын, алдыңа мақсат қойып, оны орындау керек. Мысалға күніне 2-3 рет қайталау. Қайталауға уақыт белгілеу. Және де сол уақыт бойынша жүріп отыру. Негізі уақытты таңертеңгі кезге қойған дұрыс. Адам сол уақытта берілген нәрсені тез жадыға қабылдай алады.

Қайталау барысында кедергі ететін адамның ойын аудартатын нәрселерден арылу керек. Адамның қабылдау қасиетін жақсартатын сары түс болып саналады. Сондықтан барынша сары түсті заттардың қасында дайындалған жөн. Дайындыққа зауқың соқпай, көңіл күйін болмаса дайындалмаған жөн. Себебі одан еш нәрсе шықпайды. Қанша жерден дайындық жасап оқығаныңмен бәрі ұмыт қалады. 

Мен қазіргі таңда қазақстан тарихының бастамасы 6 сынып ежелгі қазақстан тарихын қайталап жатырмын. Тақырып бойынша оқып, оны дәптер бетіне қысқаша тізбек, кесте ретінде жазып отырамын. Сонда ғана ойға жақсы сақталады. 
Сынақ кітаптарын орындап, қате кеткен сұрақты қайтадан қарап, қатемен жұмыс жүргізіп отырамын. Қате кеткен жауаптарға мән беріп, оларды оқулықтардан тақырыбын қарап, ойыма сақтау үшін қайтадан қайталаймын. 

Және де онлайн тесттер орындаймын. Бастамасына тіпті жақсы деген баға берілді. Қуаныштымын. Алдағы уақытта 25 балл жинау үшін еңбектенемін.

Менің блогымды кешіктіріп шығарып жатқаныма ренжімессіздер. Белгілі бір себептермен осылай болып жатыр. Алдағы уақытта уақытымен шығарып отырамын. Көп Рахмет!