ҰБТ-дан жоғары ұпай жинаудың кілті неде?

Біріншіден, адам бұл өмірде 2 жағдайда қателеспеу керек деп жатады. Оның бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Талапкерлердің қателесетін жері – мамандық емес, пән таңдуы. Болашақта сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келсе, мамандық таңдаған дұрыс. Жүрек қалауыңызды тыңдап үйреніңіз. Және мұны 11 сыныпқа дейін орындап қойуға шақырамын. "Өзімді болашақта қалай елестетемін?" деген сұрақты қолға алсаңыз, жемісін міндетті түрде көретініңіз анық.

Екіншіден, жүйелі дайындық – білім грантын алудың негізгі кілті екенін ұмытпаңыз. Барлық жерден пайдалы ақпарат алуға тырсыңыз. Теория мен қатар практиканы да алып жүру керек. Яғни, тақырыптарды оқып қана қоймай, тест шешуге дағдыланыңыз. Алған білміңізді бекітудің, есте сақтаудың бір жолы осы болып табылады.

Үшіншіден, әрбір адам үйрену керек жағдай ол – уақытты үнемдеу, тайм-менеджмент. Дайындықты бастамас бұрын жоспар құруға болады. Сол жоспармен 9 ай еңбектенсеңіз, қалаған ұпайыңызға қол жеткізесіз. Телефон, әлеуметтік желі – екінші орында тұруы тиіс. Армандар орындалады, мақсатыңыз айқын болса. 11 сыныпта барлығын жоспарлап үйренсеңіз, ЖОО-ға түскенде қиналмайтын боласыз. Дайындалар кезде оқыған материалдың санына емес, сапасына назар аударыңыз.

Әрине, тестілеуге дайындаламын деп, өз денсаулықтарын құртып алатын оқушылар да болады. Бұлай жасауға болмайды. Әр дайындық сайын өзіңізге демалыс беріп тұрыңыз. Орнымен демалсаңыз, миыңыз да шаршамайды. Балансты сақтау – ең маңыздысы деп білемін.

Құрметті біздің артымыздан ерген іні-қарындастарымыз! Шын ниет етіп, әрекет жасау арқылы мақсатқа жетуге болады. Алдыңыздан шығатын қиыншылықтарға төтеп бере алсаңыз ғана, барлығы орындалады. Өзіңізге сеніп, ҰБТ-дан жоғары балл алуға тілектеспіз!



Бөлісу: