ҰБТ...

Ұлттық Біріңғай Тестілеу ұлт қамын ойлайтын азамат тәрбиелеу ісінде ұлағатты іс пе?Ұлдарымыз бен қыздарымыз білім жолында барынша бекем бе екен?Бүгінгі сұхбатымызда мектеп қабырғасынан қанат қағайын деп жатқан жас бүлдіршінмен ,жаңа өмір жолына  жаңа аттанған жалынды жас түлекпен әңгіме өрбітпекпіз...

Сүйлеймен Демирел атындағы университетінің 1 курс студенті  Бекентегі Жанар.

- Сәлеметсізбе,Жанар!Көңіл-күйіңіз қалай?

- Жақсы,рахмет!

- Жанар,ҰБТ-ның ұшқыны әлі басылмағаны белгілі,кешегі күнге өкпеңіз бар ма?

- Шынымды айтар болсам, жоқ. Мүлде өкпем жоқ! Барлығы да Алланың еншісінде. Өткенге өкінішпен қарайтын адам емеспін, бүгінге тәубе дер жанмын! Өз біліміме лайықты бағамды алдым деп ойлаймын.

- Жалпы ҰБТ ұлт қамын ойлайтын азамат тәрбиелеуде ұлағатты іс пе?

- Дәл солай деп те айта алмаспын,бірақ ... болашаққа жетелер бір қадам... деп атауға болатын шығар. Тек осы ҰБТ-ны жандандырса екен деймін. Ұлт қамын ойлайтын қарагөз қандастарымыз осы сынақтан өте алмай қалатындары өтірік емес. Себебі, анық дисциплина мен айқын мақсат жоқ

еншісінде! 

-Олардың жақсы балл ала алмауы алдарында айқын мақсат жоқтығынан дегің келеді ғой демек?

- Егер болашақта  қажетке жарар ау деген сұрақтар қойса, онда бөлек нәрсе. Тіпті керек емес, ескі сұрақтарды қойып, онымен талапкердің  миын ашытады тіпті. Сонысымен олардың көздегені не? Меніңше, ескінің сөзі, көненің көзін сақтау керек, ия, оған дау жоқ. Тек жаңа хай-тек әлемінде өмір сүріп, дамып жатқандықтан, ондай ескілікті,сталиннің кезін, лениннің кезін айта беріп керегі жоқ.

- Қазіргі  балаларға тоқталсақ,олардың ҰБТ-ға дайындықтары қалай?

- Басқаларын қайдам,өзімді айтайын. Біздің санамызға 9 сыныптан бері ҰБТ деген кіріп алып, бірте-бірте уландырды... Яғни моральды тұрғыда бізді оған ешкім дайындамады, тек дайындалыңдар, әйтпесе жаман болады деп қорқыта берген..

Өзімнің  де басымнан өтті,алып тұрган қиындығы жоқ. Тек дайындалмақ керек! Оқу керек! Ең бастысы  сол!



 






 

-Мектеп қабырғасында психологиялық тұрғыда ешқандай көмек көрсетілмейтіні рас,ҰБТ бала психологиясына әсер ететіні де рас...

Мектеп қабырғасында баланы тек «оқы» деп қана тәрбиелейді,ешқандай ұстаз психологиялық тұрғыдан көмектеспейді,бала қанша оқыса да, психологиялық тұрғыдан алып шыға алмаса, ертеңгі күні бар жиған-терген білімінен әп-сәтте айрылып қалуы мүмкін.Бұл өз алдына бөлек мәселе.

-ҰБТ-ны дұрыс деп ойлайсың ба?

- Дұрыс емес деп те айта алмас едім,ең бастысы, баланы дем кезінде дегбірінен алмай,ертерек моральдык тұрғыдан да,білім жағынан да тәрбиелеуді басты назарға алса.

-Жаңаша өзгеріс енгізбекші жоғары жақ,бұған не дейсіз?

-Әрине,мектеп өз рейтінгі үшін бұл тарапта балаға қолдау көрсетері анық.Ал университетте бала білімін білікті  мамандар тексергенімен,ана жақтан келмеген білім бер жаққа қалай дыбыс бермек?!

-Сіз қарсысыз ғой...

-Қарсымын,жас түлектерге айтарым:Ұдайы дайындала отырып,ҰБТ-ны ұта аласың!

-Сұхбатыңызға рахмет,Жанар!

 

11  сынып оқушысы Абдрахманова Шолпан.

 

-Сәлеметсізбе,Шолпан!

-Сәлеметсізбе!

-Күн өткен сайын жақындап келе жатқан ҰБТ деген ұғым қорқыныш ұялататын шығар...

- Әрине, алдымызда үлкен бір сын күтіп тұр, қорқыныш бар...

-Жалпы,ҰБТ-ға дайындығың қалай?

- ҰБТ-ға ақырындап дайындалып жатырмыз,дегенмен білім жағынан біліктілігімізді күшейтсек те,психологиялық тұрғыдан дайын емеспіз әлі...

-Балаларға психологиялық түрде әсер етеді деп жатырсың,ҰБТ-ны дұрыс деп ойлайсың ба?

- ҰБТ-да бар біліміңді көрсете алмайсың,себебі ҰБТ-да бақ шаба ма ,бап шаба  ма белгісіз,сондықтан біліміңді көрсету үшін емтихан болғаны дұрыс деп ойлаймын.Емтиханда бар білгеніңді айтып беру ғана емес,әділ,бетпе-бетғанық айта аласың деп ойлаймын.Ал,ҰБТ-да моральдық жағынан қиындықтар болса,шатасып кету де ғажап емес.

-Емтиханда әрине,әділ,ҰБТ-ны екі этап қылу туралы не ойлайсың,әділ ме?

- Әділдік әлі орнамаған бұл тұрғыдан алғанда,емтихан болғанын қалар едім мен.

- Алдағы ҰБТ-да ұлт намысын қорғап,жақсы балл алуыңызға тілектеспін!Әділ Жаратушымыз жар болсын!

- Рахмет!

 

Елбасы айтқандай жаңа багыттын бетбұрысы, беталысы, соған бастайтын ұлы көштің басы – бізбіз, жастар! Ендеше болашақ, ел болашағы, ұлт болашағы біздің қолымызда!Бағдарымыз бұл ғана емес,бас жақтағылдардың да құлағына алтын сырға,балалардың болашағы-сіздің,біздің болашағымыз-олардың қолында!



Бөлісу: