Уайым

Жақында көрген түсiм."Өзен.Екi шетiн тау қоршаған.Балалар өзен жағасында күлiп,ойнап,суға түсуде.Кенет бiр құбылыс пайда болды.Аспан мен өзен екiге бөлiнгендей.Бiрi жарық,бiрi тұманданған қараңғы.Мен тұрған жер жап-жарык,аспан көк-пеңбек,өзендегi су мөлдiр тұп-тұнық.Жанымдағылар ойсыз,қамсыз,күлген кейiпте.Шамамен 10 метрдей жер жүрiп едiм.Тым қорқынышты.Барзақ әлемiне кiргендеймiн.Аспанға көз жүгiртсем қою қара тұманданған.Өзендегi су жаңагыдай мөлдiр емес,қап-қара..Сол лайланған судан бiр жiгiт су iшейiн деп тур.Шамасы менен 2-3 жас кiшi.Түсi өте суық.Жүзiнде нұр,мейiрiм,шапағат қалмағандай.Маған аянышты көзбен қарап тұр.Әлемнiң мұңы жиылып,еңсесiн езiп,үрей сезiмi тыныштығын бұзғандай.Мен таңырқай,тосырқай сәл қарап тұрдым да,қимай-қимай кете бардым жаңагы жарық жаққа...

 Абай қара сөздерiнiң бiрiнде:"әрбiр уайым-қайғы ойлағыш кiсi не дүние шаруасына,не ақырет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек" деп осы ақиқатты бiлдiрген.

 Кейде күйзелiстер жанды жегiдей жегенде адамның ұйқысы да күлкiсi де қашып дегбiрсiз күйге душар болады.Осындай жайттар есi бар кiсiнi уайымға салмай коймайды екен.

 Өзiмше Аллаh Тағала менi қараңғылық әлемiнен жарыққа қайтарды-ау деп бағамдадым.Расында Аллаh Тағалам аса мейiрiмдi,кешiрiмдi ғой.Күдiксiз Алла барлық нәрсеге кұдiреттi...



Бөлісу: