Уақытымызды пайдалы жағынан өткізіп жүрміз бе?
блог
Бүгінде елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты қалаларда жаппай карантиннің жариялануы біздің ылғи қала ішінде жүретін белсенді жастарымыз бен осы уақытқа дейін жұмыс істеп жүрген жандар үшін ауыр тиді. Әрине, апталап үйден шықпай отыру мүмкін емес. Осы арқылы ғана біз қауіпті аурудан сақтана аламыз. Есесіне, бұл демалысты өзімізді жан-жақты дамытуға, сүйікті ісімізбен айналысуға керемет мүмкіндік дер едім. Бірақ, көпшілігіміз уақытты қалай тез әрі тиімді өткізу керектігін біле бермейміз. Сол себепті, сіздерге уақытты жақсы жағынан өткізудің бірнеше жолдарын ұсынғым келіп отыр:
1. Өзіңіздің қалауыңыздағы кітапты оқыңыз. Бұл біздің жан-жақты білімімізді толықтыруда, жетістікке жетуімізге көмектесетін күш. Ол романдар, тарихи шығармалар, психологиялық, мотивациялық немесе бизнес туралы т.б. болуы мүмкін.
2. Онлайн курстарға жазылып, тіл меңгеріңіз. Қазіргі заманға сай тіл білген ешқашан артық болмайды.
3. ҰБТ-ға, емтихандарға дайындалыңыз (9-11 сыныптар үшін).
4. Әртүрлі тәтті тағамдар пісіріңіз. Осы арқылы аспаздық біліміңізді толықтырып, жақындарыңызды қуанта аласыз.
5. Гимнастикамен, бимен айналысыңыз, спортпен шұғылданыңыз. Бұл біздің ағзадағы белсенділікті жақсартып, өзімізді әрдайым тонуста ұстауға көмектеседі.
6. Тігін тігіңіз, қолөнермен айналысып, сурет салыңыз.
7. Өзіңізге ұнайтын сериалдарды, фильмдерді қараңыз.
8. Мотивациялық онлайн курстарға қатысыңыз.
9. Үй ішін ретке келтіріңіз, тазалау жұмыстарын жүргізіңіз.
10. Компьютер, смартфоныңызды артық құжаттардан тазалаңыз.
Бәлкім, бұдан да бөлек уақытты тиімді өткізудің жолдары бар шығар. Олардың сіздің уақытыңыздың құр босқа өтіп кетуіне жол бермейтіні анық. Демалысты пайдаланып сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, тұлғалық дамуыңызға көңіл бөліңіз. Ең бастысы, "тәжі бар вирустың" алдын алу мақсатында сақтық шараларын жүргізуді ұмытпаңыз.