Уақытымды уатудан ұялшы...

Уақыт... Кешегі Саттардың(Ерубаев) аты ойыма оралады... Жиырма үш жыл ғұмыр кең ғаламда тар маңдайға жазылып қойыпты... Қайран, "менің құрдасым"...  Сіз жеткен биік алыстан қол сермейтін секілді... Сөз бен тіл, әлпетке жұпынымын деуім ақымақтық... Бар уақыттың қадіріне жете алмай жүрмін... Сіз шыққан биік шындығыма айналар ма мына менің?! 

Уақыт - бар кінәні саған арта салғым келсе де, іштей сезем, білем, түсінемін... Өз қолымда екенін, қаласам қаламға жан бітіріп, қаласам қағазға қан жүгіртерімді білемін...

Жақұтымды жымқыруға қысылма, уақытымды уатудан ұялшы... Саттардың жасын сағынғаным жоқ... Сөнуге айналған жұлдызымды өшпестей етіп нақ сол жасымда маздатамын... Өзім де сөнбеймін... Мәңгілікке тірілемін... Саттардың жалғанбай қалған сіз жер бетінен жолықтырмаған ізі болып өмір есігін қайта ашамын...

24-қазан

Арман күнделігінен



Бөлісу: