УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ...

«Өмірдің үздік сырлары» атты кітабынан бір түйін ой.

Уақыт ешкімге құлақ аспай зымырап өтіп жатыр. Көпшілігіміз уақыттың қадірін біле бермейміз. Оның қадірін  қалай білуге болады десеңіз?Төмендегі жазбаны оқыңыз:

Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз. Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге алып келген анадан сұраңыз. Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, апталық  журнал  шығаратын журналистерден сұраңыз. Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, поездан қалып қойған адамнан сұраңыз. Бір секундтың қадірін білгіңіз келсе, жол апатына тосқауыл бола алмаған адамнан сұраңыз. Бір секундтың ішіндегі долесекундтың қадірін білгіңіз келсе, олимпиададан қола жүлде алған адамнан сұраңыз. 

 


Секунд, минут өтеді санамаймыз,                        

Сағат, тәулік, өтеді қарамаймыз.

Ай артынан жыл жақындап қалғанда

Жылдық есеп үйіліп саралаймыз.

Кейбіреулер есеп берер өздеріне,

Әрбір айтқан сөзбенен істеріне,

Ал енді жүр емеспе кейбіреулер,

Мәз болып өтіп жатқан күндеріне.

Уақыт деген тоқтамайды бір адамға

Үзіліс жоқ шаршағанға, құлағанда.

Өткен күндер қайта келмес айналып,

Бақытты шақ демеу болар қиналғанда.

Білгенге уақыт қымбат алтыннан

Гауһар тас, маржанменен жақұттан

Талпынады өлшеулі ғұмырында

Қалдырсам деп елеулі іс артында.

 

Міне уақыттың қадірі осындай... Соңғы 4-шумақ өлеңді өзім жаздым, бірақ мен ешқандай да ақын емеспін. Оқып шығып бағасын өздеріңіз беріңіздер.



Бөлісу: