Уақыттың да жүрегі бар

Уақыттың да жүрегі бар
жеке
блог

«Бақсы — әлгі тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам. Бақсының “жын-рухтарының” аты болады.  Сол шақырған жындарының “көмегімен” гипноздық өнер де көрсете алады».

Ал, қазіргі сығандар солардың тікелей ұрпағы дейсіз ғой,Зуфар ағай!- деп Ақтоты әдеттегі орынсыз қалжыңына басып, дәріс уақытының тәмамдалғанын білдірді. Студенттер ду күлісіп, аудиториядан сыртқа қарай беттеді. Барлығының амияндарын қолдарына ұстап, жарыса баратын жері – асхана. Тиын санап, бірді-бірге жамап жүрген студенттің асығы да, ғашығы да - сол.

-       Аяулым, осы тылсым дүние, бақсы-балгер дегендері жыныма тиеді. Адамдар еріккен, ойға сыймайтын дүниелерді ойлап тауып, әуре болады,- деп Дария мысқылмен күліп, басын шайқады.

-       Ал мен сенімен келіспеймін...

-       Жо-жоқ..., сен де сол қиялилардың бірісің бе? Олар - ым-ишарат тілін мықты меңгерген, дипломы жоқ психологтар ғой.

-       Мен де дәл сен секілді ойлайтынмын... Анашым екеуіміз жазғы демалыста Калимантан аралына бардық. Ермек болсын деген ниетпен, шарын ары сипалап, бері сипалап ертегінің хас шебері бақсыға кіре салған едік, жанға дәрумен болар қызық нәрселер айтты.

-       Сен – қызы, жаныңдағы – анаң немесе әпкең, бойларыңда тасыған қанның ұқсастығынан білдім деді ме?- деп асхананы басына көтере күлді. Ешкімге ұқсамайтын, ұялып әуре болмайтын бұл күлкі Дарияға ғана тән еді. Жұрттың назары ендігіде осыларға ауды.

-       Құрбым, сәл-сәл ақырын күлші! Мәдениетті мырзалар мен ханымдардың жүрегіне зақым келер! Сонымен, ол маған "өмірлік жарыңды Есентай жағалауында, 23 мамыр күні, сағат 17-00 де кездестіресің, үстінде қара смокинг, қолында қойын дәптері мен қаламы бар" деді.

-       Ал сен болсаң сол күнді асыға күтіп жүрсің?

-       Жоқ, Дария, мен Шерзатпен дәл солай кездестім. Ол студенттер сарайында болған дайындықтан шығып, сценарийге түзету енгізіп отыр екен. Бұл тағдырдың бедерлеп салған жолы.

Әңгімеге қымыздайын қанығып тұрған Ақтоты: «Ә,сол ақымақ қыз сен бе едің? Сен үшін біз қалтамыздағы соңғы тиындарымызды жинастырып, прокатқа сандалып смокинг іздедік қой. Тағдырдың жолы дейді ғой маған! Бірақ, тобымыздың мәңгілік есінде қалар бәстесу болды».

-       Тоты, Шерзаттың өтінішін ұмытып кеттің бе?- деп жан-жағындағылар шуласып кетті.

-       Түсінбедім, қайдағы прокат, қайдағы бәстесу,тиыны несі?

-       Осы әңгімең Шерзаттың диктофонына көшіріліп қалыпты. Метрода ғой деймін... Онда дауысың әдемірек еді... деп сөзін жалғастыра бермек еді, Аяулым жүрегі әйнектейін сынып кетіп, жылап жіберді. Өзіне бағытталған сұқ саусақтарға бұдан әрі шыдап тұра алмады. Сыртқы ытқып шықты. Жүгіріп келе жатқанында қарсы алдынан шыққан Шерзатты шапалақпен тартып жіберді. Ауылда қой соңында жүріп өскен бала шындықтың беті ашыларын да, жүгермек қалжыңның тұсауланып қалатынын да білмеді. Тек қызды шын сүйіп, қазақтың қара домалақ, өзі секілді бұйра шашты балапандарын қыран қылуды аңсады. Ия,рас, ол шын сүйді, махаббаттың құдіреттілігінің алдында бас иді. Ауқатты отбасының қыздары шамадан асып кербез келеді деген ойынан да бас тартты

      Байдың ерке-тотай болып өскен қызы бұл қаланы  мәңгі ұмытты. Көз жасын теңіз етіп, сол теңізге тұншықтырып кетті. Арада он жыл өтті. Екеуі өз беттерінше өмір сүріп кете алды ма, белгісіз. Шет елде білімін тәмамдап келсе де, Аулым бастауыш сыныптағы қазақтың қара домалақ балаларын тәрбиелеуде. Сыныбындағы шашы бұйра, қара торы, өзі бұзық мына бала есіне біреуді түсірді. Шерзатты, талай күндерді сырласумен, ақ бұлтты мініп алып армандар әлеміне зырлап, еріні құлағына тигенде, сәл именіп, сылдыр күлкіге басқан талай күндерді бірге өткізген ханзадасын. Осы сәттер он жыл өтіп, жүректің тот басқан архивтерінде жатса да, сәл секундтар бұрын болғандайын жаңғыруда.

-       Аяубек, бері келші.

-       Ау,апай,неге шақырдыңыз?Мені сағындыңыз ба?

-       Сағындым, қатты сағындым. Жасың нешеде?

-       Жетіде

-       Әкеңнің есімі кім?

-       Шаттық... Ой,Шерзат.

-       А, жақсы, орныңа бара ғой. Бір құжаттарды толтырып жатқан ем...

   Он бір жыл бойы бізді жаттықтырған қоңырау үні сыңғыр етіп, оқушылар сөмкелерін асынып сыртқа шықты. Арттарынан Аяулым да жүгіріп шықты. Көздерімен Аяубекті шығарып салып, сол бұзықтың әкесін іздеді. Тапты,- бармады. Осылайша күндер зымырап өтіп жатқанда ата-аналар жиналысы болатын күн келді. Оған Шерзат пен жары да келді. Жиналыс барысында әдеттегі фонд, тазалық, тәртіп мәселелері қаралды. Ұстаздың көздері сыныптағы жиырма ата-ананы араласа да, екі көзбен мүлдем кездеспеді. Жиналыс бітісімен махаббатынан мәңгілікке екінші мәрте айырылғанын түсініп, аяқтарын желаяқша баса көлігіне қарай аяңдады. Соңынан ажал қуып келе жатқандай асықты.

-       Аяулым апай,кешіріңіз! Сізді бір минутқа болады ма? - деді.

-       Ия, арине,-деп өзін барынша салмақты ұстауға тырысып бұрылды.

-       Шерзат күйеуім, жо-жоқ қайын інім сізді сүйеді. Осыдан бес жыл бұрын жарым көлік апатынан қаза тауып, әмеңгерлікпен қосылған едім. Ұлтым-түрік. Бізде заң қатал екенін білесіз ғой! Сәбидің есімін Шерзаттың өзі қойған еді. Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді деген осы. Біз сізді ешкімге айтпай көп іздедік. Шын сөзім, ол тек сізді сүйеді,- деп қос ғашықтың қолдарын біріктіріп, ақ ниетін білдірді.

   Шерзат пен Аяулым уақыт атты зымыранға мініп, өмір атты белестерден бірге өтті. Немере мен шөбере сүйді. Оларға бастан кешкендерін айтып, асыл тәрбие берді.

   Екеуі кездеспестен  үш жыл бұрын Ауялымға хабарласқан Ақтоты өзінің Шерзатқа ғашық болғанын айтып, көңілі суысын деп кездейсоқ тауып алған диктофонды оған әдейі бергендігін де, бәстесуді қасақана ұйымдастырғанын да мойындады. Кім білсін, осы сотқар қыз болмаса, екі жүрек бір-бірімен кездесер ме еді?

Соңында айтарым махаббатты бағалаңыздар, уақыттың да жүрегі бар!