Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені
блог
Интернет желісінде әлемге танымал КСРО Ғылым Академиясының академигі Отто Юльевич Шмидтің өмірі суреттелген мақалаға жолықтым. Барлығымызға әйгілі Отто Шмидт 1891 жылы Могилёв деген жерде дүниеге келген, география және математика ғылымдарына зор үлес қосқан, Памир тауларын, Ресейдің солтүстік аумағын зерттеген адамдардың бірі.
Ғаламторда кеңінен тараған аңыздарда Отто Шмидт 14 жасынан бастап өз өмірін толықтай жоспарлап қойған деп баяндалады. Онда, ол өз өмірінде қандай кітаптарды оқып бітіруі тиіс екендігін, қандай ғылымдарды игеру керектігін, қандай мәселелерді шешу керектігін айқындап көрсеткен.
Дегенмен, осы істерді аяқтау үшін қанша уақыт керектігін есептегенде, кемінде 900 жыл уақыт керектігін анықтаған. Көптеген қысқартулар арқасында, бұл жоспардың бағдарламасы 500 жылды керек етті. Отто бұл жоспарына тағы да өзгерістер енгізіп, ақыр соңында 150 жылға сыятын өмірлік бағдарламасын шығарды. Өз өмірінің әр бөлшегін жоспарлап қойған академик 150 жылдық жоспарды 64 жасқа келгенде орындап бітіреді. Яғни ол өз «Нормасын» 2 еседей артық орындаған.
Әрине, бұл аңыздың шынайылығына сену өте қиын, бірақ Кеңестік академик Отто Шмидтің бұл аңызда көрсетілген өмірлік стратегиясы мен тактикасы уақытты қалай бағалау және падалану керектігінің жарқын мысалы. Ағып жатқан уақыттың теңдесі жоқ байлық екенін түсінген адам ғана өз өмірінде көп нәрсеге жетеді деген ойыдың айқын дәлелі.