Жақында бір жоғары білімді, пайым-парасаты кең таныс ағамыз жақсы әңгіме айтты. Кіріспе сөзін "Осы жарты жылдықта оқуда не үйрендіңдер, не түйдіңдер?" деген сұрақпен бастап еді. Бірден ой салды маған. Шынында да қыркүйектен бері ЕҰУ-дың журналистика факультетінде не үйрендік біз? Мамандығымызға кіріспені дұрыс жасадық па? 2013 жыл артта қалып барады. Алтын уақытымызды текке өткізіп алмадық па? Әлгі ағамыздың тағы бір қозғаған тақырыбы уақыт болатын. "Бұрын кеңістік тар, уақыт көп болатын, қазір керісінше. Кеңістік кең, уақыт аз" -дейді ол.
Талқыға салсам, аз да болса бірнәрсе үйреніппін. Оған әрине, журналистикаға деген қызығушылығым және Сауытбек Абдрахманов сынды майталман мамандардың лекция, сабақтары әсерін тигізді. ҚазҰУ-дың бір профессоры студенттерден сұрайды екен, "Қай курс оқисыңдар" - деп. "1 курс" десе, "3-ақ жылдарың қалыпты ғой" деп кулген дейді. Ойланатын дүние,4 жылдан кейін дипломды не үшін алғанымызды білетін болайық ең құрығанда...Уақытты бағалай алсақ қана біздің игілігімізге жарайды.