Уақытша достан ата жауың артық /ЖД №3/
блог
Сәлем, "Массагетім", "Массагеттіктерім"! Бүгін жасыл дәптерден авторы жазылмаған "ойларды" ұсынып отырмын. Неге екенін авторын жазуды ұмыт қалдырыппын. Кім керегін алар...
*Жылына бір-ақ күн жұмыс істейтін адам бар. Ол - Аяз ата.
*Өмірің қолыңда ма? Өлмейтін өлім ғана.
*Кітапханасы жоқ үйден не ұрлауға болады?
*Ұйқының бір жаманы - жұмыс істей берген кезде жетіп келеді.
*Ақыл мен асқазан айқасса, әрине, асқазан жеңеді. Ақыл жеңсе, екеуі де аштан өлер еді.
*Екінің бірі сеніміңді ақтамайды, бірақ сенгің келеді.
*Уақытша достан ата жауың артық: ол сені ешуақытта ұмытпайды.
*Қалада жалғызсың, бірақ оңаша емессің.
*Түтін қалада бүтін өкпе болмайды.
*Сөз таусылса, қару сөйлейді.
*Ең үлкен мәдениет сөйлей білу емес, тыңдау білу.
*Ақымақпен отырып арақ ішкенше, ақылдымен қосылып арық қаз.
*Жыланда көлеңке болмайды.
*Ағызып келе жатқан машинаны көргенде, бөренелердің зәресі ұшады.
*Иманы барлар иманын, иманы жоқтар жиғанын ойлайды.
*Қолың жеткен күні арман да өледі.
*Құштар адам қызығады, іштар адам қызғанады.
*Адам ақыл қумайды. Ақыл адамды қуады. Біздің оңбағандығымыз соған жеткізбейміз ғой.
Н.ғ.: Авторын біліп жатсаңыздар, жазып қоярсыздар.