Түнерген көктің астында,байтақты жетімек етіп,дәп бір қожадай мазақ,мысқылмен шабуға келген патшалық. Қорғауға көшіп,жанқия атылып шыққан тақ «Серке». Құрметтелген қазақта,алғашқы серке қай «Серке»?
Иә,әр мақаланың алар өз нәрі бар.«Серке» тарихын бүйдеудегі тұшымды ойым пікірлер айналасында іркілуде. Сауалдың қарсы алдында іркіліс тапқанмен,шегінде ыршып көкке ұмтылуда. Әрине,шабыт бұлбұлының бұлаңдап кетуінен емес. «Серкенің» тым биік бейнесінен. Тағылымы биік,тарихының тереңдігінен. Зерттеуші,ғалымдардың қызу таластағы үш пікірі көкейімде осы сауалды тудырғанды. Ана тілімізде дүниеге келген алғашқы бейресми газет ретінде «Қазақ» аталса,енді бірі «Қазақстан» демек,ал көпшілігі «Серкені» тануда. Мәселен,Мыржекең де «Серке» тарихын ұлттық басылымның тұңғышы ретінде әспеттеп кеткен. Мыржекеңнің пікірін ғасыр аяғындағы «Ақиқат журналы да» қостаған екен. Әйтседе, «Тургайская газета» бетіндегі мақала алғашқы басылым ретінде «Қазақты» алға тартуда. Басылым тарихындағы алғашқы серке «Қазақ» болса,оның ізашары «Серке» газеті. Серкенің «Қазақ» бойындағы көзсіз ерлікті үлгі тұтуы айбат шектірсе де ғұмырын щекпен тыйғаны ақиқат. «Соңғы заманда қазақ газет шығаруды қолға алсада,іске ұқсатып шығара алмауда. «Серке де» ұзаққа бармай тоқтады.»,-деген М.Сералин сөзі де осының дәлелі.
Патшалықтың баспасөз бостандығын шектеп, құпия басылымға тиым салғанына қарамастан, қауызды жарып шыққан «Серке» газетінің дүниеге келуіне басты себеп алғашқы орыс төңкерісі.Ал,«Үлфат» газетіне қосымша шыққанына қарап, газет тарихын озық ойлы ұлт зиялыларының саналы іс-әрекеттерімен байланыстырар едім. Себебі, «Серкеге» бастау болған «Үлфат», білім ордасынан сусындаған мұсылман ұлттарындағы бірлескен жастардың жемісі. Француз зерттеушілері Бенигсен мен Келкежейдің «газет отаршылдыққа қарсы күресте баспасөздің қажеттігін терең сезінуден туды»,- деген пікірлері де осының дәлелі.
Газет бастауындағы Ш. Қосшығұлов һәм Х.Ибрагимовтардың екі аптада бір рет шығаруға рұқсат алуы ,олардың паташалыққа қорқынышсыз талаппен адымдағанының көрінісі. Алайда,газет тарихының қос санмен шектелуі М. Дұлатұлының ерлігі мен қатар жеңілісі.Бүркемесіз, шындықты ашық айтқан Мыржекеңнің қайсарлығы ыза мен кекке толы жүрек талабы болғанмен,қос саннан соң патша ағзамның құлпы салуы заман қалауы болды. Ақиқаттың айтылғаны хақ. Кейде,астарлы жолмен. Серкенің «Қазақтан» қайталаған қателігі де осы. Тым ашықтық. Патша ағзамға айбат шеккен «Серке»әрекеті ұлт көсемі ұрандаған «Заманына қарай амалын" еске түсіретін-ді. Патшалықты тәтті ұйқыдан айырған «Серкенің ұлт мүддесін қорғаған ашықтығының бір ұшы басшылыққа тисе,екінші бір ұшы кінәсіз бейбақтарға тиді. Мұның ақыры ақын жүрегіне де сызат түсіргені анық. Айбат шеккен арыстанға патшалық көз жұма қарасын ба?! Ауру қалса да әдет қалмайды дегендей,іздеу барысында жазықсыз жандарға шапқаны да жоқ емес. Мұның бәрі қосыла келе газет басшылығына ауыр соққы болғаны анық.
Тағдыры мен тәлкегі судың қос тамшысындай қатар тамған «Серке». Өткеннен қате көрместен жер баспаған «Серке». Ащы шындықты ашық айтып айға секірген «Серке». Көп ешкінің ішінен топ бастаған «Серке». Қошқар,теке ұмтылмас ерлік еткен «Серке». Түнекте қалған жастарға жол бастаған «Серке». Айға деген секіріс,жерді баса өткенде ғұмырында мәңгілік топ бастайтын тақ «Серке»!!!