Уақыт өтуде... Көзімді ашым жұмғанша өзімнің сүйікті Массагетіме блог жазбағалы бірнеше айдың жүзі болғанын көріп, өзіме-өзім ренжігендей болғанымды айтсаңызшы. "Әттегенай!"-деп бүгінгі түнімді сіздермен өткізгім келді. Әйтпесе көп айдың жүзін толтыруым қажет қой?!
Мектеп басталғалы Массагеттің кеңестерін ғана оқып өзім блог жазбаппын. Жарты жылдың ішінде не бітіргенімді білесіздер ме?! Биыл мен ҰБТ-ға дайындалып жүрмін. Жаңа форматтағы тестілеуде қиындап кетті ғой. 10-сыныпта өте көп тестілеу дайындықтары жүргізілетінін де білесіз. Міне, биыл күнделігіме төрт түсірмей, барлық ойымды жинақтауым керек. Білімділедің -ғасыры бастау алған сияқты ма?! Дайындық тестілеуінен 140 ұпай жинау керек. Ал, менде әзірге 96 ғана ұпай жиналып жүр. Тарихымыздан ақсақтамасақта, математикадан ақсақтайтындар көп-ақ. Міне, менің жаңалығым осы. Массагетім ренжіме! Қолым босаған уақытта барынша өзіңмен бірге боламын. Айтпақшы,жақында бір ұсынысым бар, оны таяуда көретін боласыздар.