Адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі– уақыт.Уақыттың қадірін білу керек .Әрбір заттың өлшемі бар ғой, жолдың өлшемі километр болса, уақыт-адам өмірінің өлшемі.Уақыт зымырап өтіп жатыр,уақыт керуеніне бөгет жоқ. Әрбір күннің ,әр сағаттың өзіндік құны бар . Бір данышпан айтқан екен: «Кешегі күн өтіп кетті.Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Шынында да біз уақытты қадірлей білмейміз. Өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын адам уақытын парасаты мен ақылын ,жан дүниесін жетілдіруге ,кемелдендіруге ,ізденуге жұмсайды. «Уақытым жоқ!» Бұл қазіргі кездегі қоғамның көрінісі. Негізі дұрыс пайдаланатын болса,уақыт қашанда жеткілікті. Уақытты көбінесе бір күндік қызықтар, жаман әдеттер,түсініксіз мақсаттар,асығыс шешімдер құртады. Уақыт бар ғой деп бүгін істеу керек істі, ертеңге қалдырып жататын жағдайлар болады.Ертеңгі күн бар екені рас,бірақ бүгінгі күн қайта айналып келмейді ғой . Халық айтпақшы:«Уақыттың бос өткені-өмірдің бос кеткені» Өмір адамға бір-ақ рет беріледі ,өмірдің қамшының сабындай қысқа екені де бәрімізге мәлім. Өмірді неге өкінбестей өткізбеске ?Бізге не кедергі болады ? Әрине, кедергі болатын шексіз сылтаулар мен жаман әдеттер! Мәдениетті адам өзінің де , өзгенің де уақытын үнемдейді.Қазіргі жастық шақ адамның мүмкіншілігі мол кез.Қазіргі кезде бізге уақытты пайдалы ,әрі тиімді өткізудің бірден-бір жолы ол – білім алу,өзіңді жан-жақты дамыту. Себебі: бүгінгі күнің –ертеңгі болашағың !