Уақыт және интернет: ғаламтор уақытты үнемдей ме, әлде ұрлай ма?

Уақыт және интернет: ғаламтор уақытты үнемдей ме, әлде ұрлай ма?
жеке
блог

   Ия, бұл тақырып барлығына мезі болғаны рас. Бірақ, ащы болсада шындық екенін мойындауымыз керек. Қазіргі таңда ғаламторсыз, әлеуметтік желілерсіз өмір сүру қиын деген стереотип көпшілігіміздің санамызда қалыптасып кеткен. Әрине, көпке топырақ шашпаймын, алайда, таңертең ұйқыдан көзімізді аша сала ұялы телефонға жүгіреміз. Мұнымыз дұрыс па? Өзімізге сауал қойып көрейікші. Ия, үнсіз қаламыз немесе «дұрыс емес» деген жауап қайтарамыз. Бір өкініштісі ойымыз іс-әрекетімізге бағынбайды. Қаншалықты бұрыс екенін біле тұра соны жасаймыз. Ал енді сол барлығымыз қолданып жүрген ғаламторды өзінің игілігіне пайдаланып жатқан жандарда жетерлік. Дұрыс па? Яғни, олар өздерінің алтын уақыттарын ғаламтордың көмегімен үнемдеп қолданады, ал сіздің ол жандардан қай жеріңіз кем? Сіз де уақытыңды тиімді пайдаланыңыз,егер ғаламтордан шыға алмаймын десеңіз, мейлі, дегенмен оның да сіз үшін пайдалы жағы бар. Қарапайым ғана мысал келтірейін, қазірдің өзінде қаншама жас жазушылар, журналисттер, қаламгерлер  бұл жазбаны оқып отыр. Яғни, олар ғаламторды өздеріне бағындыра білген жандар, армандары ұштасқандар «Массагетпен бірге» . Жалпы,  қорыта келгенде ғаламторды қалай пайдалану адамның сана сезіміне байланысты. Ал сіз қалай ойлайсыз? Әркімнің өз ойы бар дегендей. Ғаламтордағы пайдасыз мәліметтермен басын қатырып жүрген жандарға айтар кеңесіңіз бар ма? Бәлкім сіздің пікіріңіз біреудің ойын өзгертуге көмектесер.