Уақыт-емші деуші еді

 

                                                                                                              Ешкімге бағынбайтын Уақыт Сағатұлына

 Уақыты көп, бірақ ештеңеге үлгере алмайтын

Балтахаева Айшадан

 

     Аса қадірменді УАҚЫТ мырза. Қатты айтқаным болса кешіріңіз. Бірақ Сіздің мінезіңіз қырсықтау. Сіз қырсықсыз. Біз Сізге  аса мұқтаж болғанда, не болмаса қуанышты сәттерді бастан кешіріп жатқанда  сіз алды-артыңызға қарамастан асығасыз, қаша жөнелесіз. Өтінішімізді елемейсіз.  Күтпейсіз, дамылдамайсыз... Ал бақытты сәттерді асыға күткенімізде, жайбасарланып, марқайып аласыз. Сізге «Міндет» қылу ұнайды... солай ма?  Жастық жалынымызды, жастық жігерімізді тез әкетіп барасыз. Бізге ыстық жандарды жылдам қартайттыңыз. Енді олармен бірге болуға, бақытты сәттерді бірге бөлісуге, рахметімізді айтып, жан жылуымызды білдіруге біраз мүмкіндік беріңізші.  Таңертең жұмысқа, сосын әбед, сосын кеш, үй, ұйқы, осы режим  күнделікті қайталанып жатыр. ештеңеге үлгермейміз, игі істерден, жан рахатынан құр қалып жатырмыз. Тоқтай тұрыңызшы біраз... өтінеміз.. Уақыт-емші деуші еді. Сіз тәнімізді де жанымызды емдеуге құлқыңыз жоқ –ау байқасам... Бір шара қолдануыңызды сұраймын.

Ж/ж. /мектепте жігіттер хат жазғанда осылай астына жазатын. Жауап жаз дегені ғой/



Бөлісу: