Уақыт: дұрыс қолдану мен жоспар құра алу

Уақыт: дұрыс қолдану мен жоспар құра алу
жеке
блог

Адам өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі – уақыт. Бізге берілген қамшының сабындай ғана қысқа өмірде барлығы уақытқа тәуелді.

Алайда, ХХI ғасыр адамдары үшін өзекті мәселенің бірі – уақытты дұрыс қолданбау, тайм-менеджменттің болмауы. Ағылшын жазушысы Д.Пекк: уақытты өлтіру – өзіңді өлтірумен тең.

Уақытты үнемдеу жайлы жазушылар мен ғалымдардың қалдырған кеңестері біршама. Соның бірі Кевин Круздың "уақытты басқарудың 15 құпиясы" атты кітабынын кеңестер жазғым келеді.

1.    Тайм-менеджменттегі ең өкінішті қателіктердің бірі – адамдар күннің ең өнімді екі сағатын әлеуметтік желілерді шолу сияқты көп когнитивтік күш-жігерді қажет етпейтін нәрселерге жұмсайды. Егер біз осы қымбат кезеңде өзімізді шын мәнінде маңызды нәрселермен айналысуға үйретсек, көпшілігіміз мақсатымызға жетуде әлдеқайда табысты болар едік.

2.    Егер сіз бірдеңені жасағыңыз келсе, оған нақты бір уақытты жоспарлауыңыз керек.

3.    Маңызды шаруаларды таңғы уақытта жасауға тырсыңыз. Қаншалықты күн жоспарымен жүргіміз келсек те, аяқ астынан шығатын оқиғалар бар екені анық.

4.    Адам психологиясы мынадай: біз бірдеңе алуға ұмтылудан гөрі бірдеңені жоғалтудан әлдеқайда қорқамыз. Сондықтан, сіз өзіңізге мақсатқа қол жеткізгеніңіз үшін сый ғана емес, сонымен бірге оған қол жеткізбегеніңіз үшін де нақты жазаға уәде беруіңіз керек.

5.    Бізді бала кезімізден басқа адамдарға көмектесу керек деп үйретеді. Мұқтаж адамдарға көмектесу өте маңызды.

Бірақ сіздің уақытыңыздың кез келген талаптарына бақыланбайтын «иә» сізді өзіңіз бағалайтын барлық басқа нәрселерді, соның ішінде сізді табысқа жеткізген нәрселерді істеу мүмкіндігінен айырады.

Өзіңізді кінәлі сезінбестен «жоқ» деп айтуға рұқсат етіңіз. Уақытыңыз үшін олардың сұрауларынан бас тартсаңыз, басқалар сіз туралы не ойлайды деп уайымдаудың қажеті жоқ!

6.    Жұмыс жасап жатқан уақытта ұялы телефонды дыбыссыз режимге қойып, хабарлармаларды өшіріңіз. Бұл концентрация жасауға үлкен көмегін тигізеді.

7.    Сізде күніне 1440 минут бар екенін ұмытпаңыз. Ұйқыдан оянғанда 1440, 1439, 1438... деп санай бастасыңыз, уақыттың маңыздылығын түсінесіз.

8.    Екі бірдей шаруаны бірге істеу – ештеңе жасамау дегенді білдіреді.

Күніңізді жоспарлаудың алдында өзіңізге де уақыт арнаңыз. Достарыңызбен көрісу, миыңызды демалту, спортпен айналысу – жұмысыңыз сияқты маңызыды шаруалардың бірі. Жетістікке жетудің басты кілті – уақытты дұрыс қолдана білу екенін есіңізден шығармағаныңыз абзал.