Уақыт-адамның басты байлығы

Уақыт-адамның басты байлығы
жеке
блог

Уақыт-адамның басты байлығы. Біз өзіміздің уақытымызды өзгелердің уақытынан артық, маңыздырақ деп есептейміз. Соның жолында өзгелерге ренжіп те жатамыз. Ал сіз бір сәт болсын олардың да жеке бас мәселелері барын ойлап қараңыз. Бірде бір концерттің репитициясына қатысып, сағат 16:00-ден 21:00-ге дейін тұрғанымыз бар. Күндізден бері нәр татпаған, оның үстіне күннің суығы да бар. Біздің кезегеміз қашан келетінін күтіп тұра берген біздерге ертеңгі күн ауырып, келе алмағанымыз үшін сөгіс естідік. Ал сол күне жоспарлаған шаруаларымыз кейінге қалды. Сол 5 сағат бойы бір дайындық жасап,бірдене үйренсек жақсы, ештене демес едік-ау. 5 сағат бойы жайдан-жай тұрған студенттерге: "тағы күте тұрыңдар,жетекшілерін тамақтануға кетті"-демесі бар ма?! Кешіріңіз, әрине біз де оны түсінеміз, бірақ, физикалық тұрғыда күшіңіз жетпейтін нәрсеге кіріспеу керек.