Уақыт...
Қасқағым сəтте өтеді де кетеді артыңа бұрылтып та қаратпайды екен...
Иə! Шынымен! Уақытты тоқтатуға ешкімнің шамасы жетпес! Кеше ғана үйге барып мауқымды басып едім, бүгін қайтадан жатақханама келіп сағыныштан сарылып отырмын... Байқаймын, күннен күнге үйреніп үлкен өмірге де үйреніп келем)
Университет, сабақ, оқу, жатақхана
Үнемі күйбең тіршілікте жүгіріп жүріп уақыттың қадірін де білмей жатады екенбіз. Қашан, қай уақытта, не боларын не күтіп тұрғанын білмейміз... Сондықтанда осы жарық жалғандағы əр сəтімізді бағалай білейік!!! Отбасыммен өткен əр уақытым мен үшін алтынмен пара-пар.
Егер сен қазір ата-анаңның, бауырларыңның жанында болсан онда, оларды дəл қазір құшақтап, оларды қаншалықты жақсы көретініңді айтып жеткіз. Себебі күндердің күнінде сен де олардан алыстайсың... немесе олар сенен алыстауы мүмкін...
Бұл өмірдің заңдылығы...