Уақыт... Иә, қазір мына өркениеті дамыған заманда уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанында білмей жатамыз. Таңертең ұйқыдан көзімізді тырмалап әрең ашып,шәйімізді ішер-ішпестен біріміз жұмысқа,біріміз оқуға,әйтеуір әркім өз шаруасымен айналысып,кешке дейін уақыттың қалай өткенінде білмей қаламыз.Әсіресе бұл жағдай біздің әсем де көркем Алматымызда өте көп кездеседі. Алматыға келгеніме де 1 жыл болайын деп жатыр Алла бұйыртса,осы бір жылдың ішінде байқағаным адамдардың көбісінің жүзінде бір мұң бар секілді,барлығы бір терең ой үстінде,көңіл-күйі жоқ болып жүреді.Бұл жағдайды көп жерде байқадым, яғни көшеде, автобуста, тіпті сабақта да.Білмеймін өз басым қандай жағдай болмасын,әрқашан күлімдеп,көңіл-күйімді түсіргім келмейді.Көңіл-күйім болмаған жағдайда да,оны сыртқа білдіріп,басқаларға әсер еткім келмейді.Иә,түсінемін,әркімнің өзіне байланысты жеке проблемалары бар шығар,бірақ бізге Алла Тағала өмірді бір рет берді,осы өмірді көңілді де,керемет етіп өткізу өз қолымызда.Олай көңіл-күйіміз жоқ болып,үнемі мұңайып жүрсек уақыттың қалай өткенінді білмей қаламыз.Сондықтан достар,уақытымызды босқа өткізбейік және қандай жағдай болмасын әрқашан күліп жүрейікші
А,айтқандай осы уақытқа байланысты,1 курс бітіруімізге аз қалды.Көзімізді ашып жұмғанша 1 курстыда бітірейін деп жатырмыз,осы бір жылымыз қалай зымырап өткенінді білмей қалыппын.Сондықтан зымырап өтіп жатқан өмірімізді мәнді де мағыналы етіп өткізейік.