Уақыт...

Уақыт...
жеке
блог

Уақыт... Иә, қазір мына өркениеті дамыған заманда уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанында білмей жатамыз. Таңертең ұйқыдан көзімізді тырмалап әрең ашып,шәйімізді ішер-ішпестен біріміз жұмысқа,біріміз оқуға,әйтеуір әркім өз шаруасымен айналысып,кешке дейін уақыттың қалай өткенінде білмей қаламыз.Әсіресе бұл жағдай біздің әсем де көркем Алматымызда өте көп кездеседі. Алматыға келгеніме де 1 жыл болайын деп жатыр Алла бұйыртса,осы бір жылдың ішінде байқағаным адамдардың көбісінің жүзінде бір мұң бар секілді,барлығы бір терең ой үстінде,көңіл-күйі жоқ болып жүреді.Бұл жағдайды көп жерде байқадым, яғни көшеде, автобуста, тіпті сабақта да.Білмеймін өз басым  қандай жағдай болмасын,әрқашан күлімдеп,көңіл-күйімді түсіргім келмейді.Көңіл-күйім болмаған жағдайда да,оны сыртқа білдіріп,басқаларға әсер еткім келмейді.Иә,түсінемін,әркімнің өзіне байланысты жеке проблемалары бар шығар,бірақ бізге Алла Тағала өмірді бір рет берді,осы өмірді көңілді де,керемет етіп өткізу өз қолымызда.Олай көңіл-күйіміз жоқ болып,үнемі мұңайып жүрсек уақыттың қалай өткенінді білмей қаламыз.Сондықтан достар,уақытымызды босқа өткізбейік және қандай жағдай болмасын әрқашан күліп жүрейікші EmbarassedИЯ ма? 

А,айтқандай осы уақытқа байланысты,1 курс бітіруімізге аз қалды.Көзімізді ашып жұмғанша 1 курстыда бітірейін деп жатырмыз,осы бір жылымыз қалай зымырап өткенінді білмей қалыппын.Сондықтан зымырап өтіп жатқан өмірімізді мәнді де мағыналы етіп өткізейік.