Уаде беруге құштар емеспін...
блог
Абзал бастаған эстафетадан біраз адамдардың уадесін алып алдық қой :). Орындап жүрме екен бәрі??? Есеп алатын күн жақын қалды десең иа :). Қалжың ғой.
Жансая эстафета таяғын маған берген еді, ұмытып кетіппін. Кеше айтқанда ұялғаным-ай, опшым уадеге берік емес сияқты екенімді көріп қойдыңдар ғой.
Ойланып, толғанып массагет үшін қандай уадеге дайын екенімді шештім. Жалпы уаде беруге жоқ ем, себебі уадені ұстай алмай қалудан қорқамын :). Олай болса, менің уаделерім:
1. Массагетті күнделікті оқып тұруға
2. Барлық блогтарға шамам жеткенше пікір білдіруге
3. Форумда қызықты тақырыптар талқылауға
4. Жастарға қызықты болар тақырыптар іздеп, өз блогтарымның сапасын арттыруға
5. Массагетте көп достар табуға
6. Массагеттіктер кездескен кез-келген кездесуге келуге тырысамын.
7. Кез-келген блогтан кеткен кемшілікті айтуға;- осы жазылғандарды орындауға уаде берем!!!
7 қасиетті сан ғой, осымен тоқтайын да эстафетаны сайтымыздың жас блоггері Қарлыға Бүйенбайға бергім келеді.